Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет76/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

 

 

3.10 Билік  басқару іс-әрекетінің реттеуіші ретінде. 

Жетекшілік және көшбасшылық 

 

Ұйымның тиімді жұмысының негізгі шартының қамтамасыз 



етілуі  басқарудың  басты  функциясы  болып  табылатын  атқару-

шылардың  жоғары  мотивіне  байланысты.  Дегенмен  бұл  тек 

ұйымның  тұрақты  және  тиімді  қызметі  үшін  жеткіліксіз.  Бас-

қару  іс-әрекетінің  мұндай  реттеуішінде  мотивтендіру  емес, 

мәжбүрлеу  сипаты  бар  қажеттілік  туындайды.  Мұнсыз  басқару 

іс-әрекеті мүмкін емес.  

«Жоғарыдан»  басқару  әсерінің  барлығының  негізі  –  атқа-

рушылар іс-әрекетінің мотивтенуі мен өзара іс-әрекеттегі билік. 

«Билік» ұғымы «жетекшілік» және «көшбасшылық» ұғымдары-

мен,  олардың  типтерімен  және  олардың  арасындағы  қатынас-

тармен байланысқан. 

 



195 

 

Ресми және бейресми ұйымдар. Жетекшілік және 



көшбасшылық 

 

Ұйымдар  мен  топтардың  барлығын  негізгі  екі  ресми  және 

бейресми типке бөлуге болады. Ресми ұйым – институционалды 

белгіленетін қандай да бір мақсатқа жету үшін бірігетін адамдар 

қауымдастығы.  Бейресми  ұйым  адамдардың  кездейсоқ  белсен-

ділігі  нәтижесінде  түзіледі,  олар  өзара  реттеулік  қарым-қаты-

насқа  енеді.  Барлық  топтар  мен  ұйымдарды  екі  топқа  бөлуге 

болады: ресми және бейресми. 

Бейресми топтардың пайда болу себептері: 

–  әлеуметтік  қолдаудың  қажеттілігінен,  яғни  оны  қанағат-

тандыру  әлеуметтік  және  тұлғалық  жайлылық  сезіміне  алып 

келеді,  ал  қанағаттанбаушылық  күшті  негативтік  эмоциялар 

шақырады; 

көмектің қажеттілігінен

қорғаудың қажетттілігінен

– қатынастың қажеттілігінен, ол жоғарылатылған ақпаратта-

нуға  алып  келеді,  соның  арқасында  адамның  бейімделу  мүм-

кіндіктері  кеңейеді  және  оның  сыртқы  әлеммен  байланыстар 

тиімділігі артады. 

Ресми  топта  –  ресми  көшбасшы  –  ол  жетекші,  ал  бейресми 

топта ресми емес көшбасшы басқарады. 

Ресми  де,  бейресми  топтар  да  қалай  да  ұйымдасқан  болуға 

тиіс. Сондай ұйымдасудың ең қарапайым тәсілі – топ мүшелері 

арасынан оны үйлестіру жөніндегі функция жүктелетін адамды 

атап  көрсету.  Ресми  топ  үшін  ресми  көшбасшының  –  жетек-

шінің  болуы,  ал  бейресми  топ  үшін  –  бейресми  көшбасшының 

болуы  тән.  Ресми  және  бейресми  көшбасшылықтың  ұқсастығы 

мен  айырмашылығын  айқындау  басқару  іс-әрекетінің  мәнін 

түсіну үшін қажет. 

Ресми топтар бейресмиге және керісінше тасымалдана алады – 

бұл  бөліну  абсолюттік  болып  табылмайды.  Топтар  туындау 

механизмі бойынша айырмалана отырып, құрылымның, «жетекші» 

және  «жетектегі»  мүшелердің  болуы,  жалпы  әлеуметтік-психоло-

гиялық құбылыстар сияқты маңызды жалпы сипаттарға ие болады. 

Осы және басқа да ұйымдар шағын топтарға дифференцияланады.  



196 

 

Ресми  ұйым  өзінің  ішінде  бейресми  топтардың  мүлде  бол-



мауын  емес,  керісінше,  олардың  болу  мүмкіндігін  білдіретіні 

өте  маңызды.  Сонымен  ұйым  құрылымында  олардың  құры- 

лымдануының  ресми  және  бейресми  тәсілдері  тығыз  өзара 

байланыста  болады.  Ұйымның  ішінде  мұндай  өзара  іс-әрекет 

басқарудың  басты  проблемаларының  бірі  болып  табылады.  

Дәл  осы  жерде  негізгіні  атап  көрсетеміз:  топты  ұйымдасты-

рудың  екі  типінің  болуы  –  оларды  басқарудың  екі  түрлі  тәсіл-

дерінің  және  көшбасшылықтың  екі  типінің  себебі.  Олар  күр- 

делі  қарым-қатынасқа  түседі,  сабақтасады,  ажырамайды,  өзара 

іс-әрекетте болады.  

«Көшбасшы»  ұғымы  топтағы  «вертикаль  бойынша»  психо-

логиялық қатынастарға тән (үстем болу – бағыну). Әдебиеттерде 

ресми  көшбасшылықты  белгілеу  үшін  «жетекшілік»  ұғымы,  ал 

бейресмилікті  белгілеу  үшін    қарапайым  «көшбасшы»  ұғымы 

қолданылады.  Ағылшынша  leadershіp  термині  нақты  «көшбас-

шы»  дегенді  білдіреді,  бірақ  көшбасшылықты  да,  жетекшілікті 

де белгілеу үшін синонимдік қолдануды білдіреді. «Organіzatіo-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет