Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет131/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   184
Өзіңіздің  идеяларыңыз  бен  қызығушылықтарыңызды  қалай 

сақтауға  болады?«Патриарх»  басшы  тек  қана  өзінің  идеяла-

рына  сенеді.  Егер  сіз  оның  ақылды  оқушысы  рөлін  ойнасаңыз 

ғана,  сіздің  идеяларыңыз  жарыққа  шыға  алады.  Жеке  идеяла-

рыңызды оның ойының дамуы ретінде көрсетіңіз.  



3. «Жалғыз-жауынгер» 

Бұл басшы айналадағылардан қалың пердемен оқшауланады. 

Ол  еріксіз  және  аса  үнемдеушілікпен  кезкелген,  тіпті  қажетсіз 

ақпаратты, кейде қарама-қайшы болса да көрсетеді.  



Неге көңіл бөлу керек? Жиі бұл басшы өз саласының сарап-

шысы болады. Бірақ  мекеме ішінде коммуникация құрылымын 




333 

 

жасау қажеттілігі мен оларға өзіне қызмет етуге жол беру қуан-



дырмайды.  «Жалғыз-жауынгер»  өзінің  жазба  үстелін  «танкіге 

қарсы  бөгет»  пен  қатал  хатшы  және  кабинетін  емен  есікпен 

бекітеді.  Сондықтан  оны  әрбір  ұсақ-түйек  үшін  мазаламау  керек. 

Хатшысы арқылы жазбаша түрде жасалған түсініктемелер онымен 

сағаттап әңгімелесуден тиімдірек болады. Егер «көзден тыс» бай-

ланыс  мәселені  шешу  үшін  жеткіліксіз  болса,  хатшыдан  басшыға 

әңгімелесу қай уақытта ыңғайлы болатынын сұраңыз.  

Басшыны  не  ренжітеді?  Әңгіме  құруға  үнемі  баулу  және 

өте  ұзақ  сөйлесу.  «Оның  басшылық  етуінің  мүмкін  емес  әдіс-

тері» туралы  сырттай пікір айту. 

Өзіңіздің қабілеттеріңізге оның зейінін қалай аудару керек? 

Тынымсыз жұмыспен, бірақ жетістік бойынша қуанышты сырт-

қа  көрсетпеу  керек.  Сирек  жеке  әңгімелесулердің  бірінде  бас-

шыға өзіңіз  қол  жеткізген  жетістік  туралы  еске  салыңыз:  «Мен 

ұйымдастырған жаппай сатылым сізге ұнады ма?» немесе «Ме-

нің баяндамама қатысты не ойлайсыз?». 



Өзіңіздің  идеяларыңыз  бен  қызығушылықтарыңызды  қалай 

сақтауға  болады?  Өзіңіздің  жақсы  ойластырылған  және  нақты 

құрастырылған ұсыныстарыңызды көрсету арқылы. Өзіңізді қа-

зіргі  уақытта  үлкен  жұмыспен  айналысатын  адам  ретінде  көр-

сетіңіз. 



4. «Темір бикеш» 

Ол суыққанды, авторитарлы, өз-өзіне сенімді және өзінің кү-

шін  жақсы  біледі.  Ол  дискуссия  мен  жиналысты  тиімсіз  және 

уақытты  алатын  құрал  ретінде  теріске  шығарып,    қастық  мен 

жазалаудың  ережелерін  жақсы  біледі.  Кім  күтілген  жетістікті 

алып келмесе, одан ескерту алады. 



Неге  көңіл  бөлу  керек?«Темір  бикеш»  өзінің  айналасында-

ғылардан  тәртіп  пен  мойынсұнғыштықты  күтеді.  Әйел-басшы 

бола  отырып,  ол  ұжымды  тек  қана  қатыгездік  пен  жолбермеу-

шілік қана басқарады деп ойлайды. 



Бастықты не ренжітеді?Оның бұйрығынан бас тарту. Әйел 

адамның  мейіріміне  сеніп,  селқостық  жасаған  әріптес  өзінің 

мойнына арқан тастайды.  Кінәлілерді қатаң жазалайды.  

Өзіңіздің қабілеттеріңізге оның зейінін қалай аудару керек? 

Тек  қана  өндірістік  жетістіктермен.  Әділеттілік  пен  кәсібилік 




334 

 

«темір бикешті» ризашылыққа алып келеді. Егер сіз шет тілдері 



курсына  немесе  бухгалтерлік  есеп  курсына  қатыссаңыз,  бас-

шыңызға сәйкес куәлікті көрсетіңіз. 



Өзіңіздің  идеяларыңыз  бен  қызығушылықтарыңызды  қалай 

сақтауға  болады?Өз-өзінізге  аса  сенімді  болыңыз.  Егер  басшы 

сізге  қарсы  әділетсіз  кінә  тақса,  іскерлік  дауыс  ырғағымен  көп 

кешікпей  теріске  шығарыныз.  Қандай  жағдай  болса  да  байба-

ламға салынбаныз. «Темір бикешке» сіз оның өзінің кәсібилігіне 

сенімді  және  ешқандай  шектеумен  шектелмеген  артында  тұр-

ғаныңызды білдірініз.  



5. «Үлкен әпке» 

Ол «башылықтың әйелдік стилімен» башылық етеді. Дискус-

сиямен ұжымдық жұмысты жақсы көреді. Өзі күшті тұлға бола 

отырып,  онымен  өзі  сияқты  әріптестермен  жұмыс  істегенді  қа-

лайды. 

Неге көңіл бөлу керек? «Үлкен әпке» үшін тек қана іскерлік 

емес,  сонымен  қатар  әлеуметтік  құзыреттілік  те  маңызды.  Ол 

өзінің әріптестеріндегі команда бірлігін бағалайды. 

Басшыны не ренжітеді? Әріптестердің қастығы, ұжымдағы 

жұмыстан  қашу,  сол  сияқты  жауапкершілікті  үлкен  әпкені  бо-

заруға дейін апаратын басқа адамның мойнына арту. 

Өзіңіздің қабылеттеріңізге оның зейінін қалай аудару керек? 

Ұжымның  жалпы  жиналыстарында,  бас  қосуларда  қызықты 

идеялар мен ұсыныстарды айтыңыз және жетілдіріңіз. Сіз қалай 

өндірісті  арттырғанызды,  жаңа  тұрақты  клиентті  тапқаныңыз 

немесе компьютерді өзіңіз қалай жөндегенініз туралы айтыңыз. 

Өзіңіздің  идеяларыңыз  бен  қызығушылықтарыңызды  қалай 

сақтауға  болады?Дискуссиялармен  іскерлік  жиналыстар  үлкен 

апке үшін команданың қозғаушы күші болып табылады. Жақсы 

дәлелдемелерді табыңыз. Өзініздің жұмысынызға қатысты сын-

ды  ешқашан  жеке  тұлғаныздың  сыны  ретінде  қабылдаманыз. 

Үлкен әпке өзінің қол астындағыларының әлсіз жақтары туралы 

айтуды  әдеттегі  іс  деп  санайды,  бірақ  ешкімді  ренжіткісі  кел-

мейді және жеке сапаларға тиіспейді. 

6. «Дилетант» 

Ол басшы орнына кәсіби сапаларының арқасында емес, жақ-

сы қарым-қатынас арқылы жеткен. Сондықтан ұжым ішінде бас-



335 

 

шының  әлсіз  жақтары  көпшіліктің  жетістігі  болып  табылады, 



онымен бірге ресми емес басшылар пайда болады. Егер сіз «ди-

летанттың»  қол  астында  немесе  оның  орынбасары  болсаңыз, 

есіңізде болсын, басшылық етуге жеке қабілетіңіздің бар екенін 

дәлелдеуге  мүмкіндігіңіз  жоғары.  Бірақ  «дилетантпен»  әріптес 

болу  өте  күрделі  іс  болып  табылады.  Кәсіби  құзыретсіз  бола 

отырып,  «дилетант»  өзінің  қоластындағысының  кішігірім  қате-

сінің арқасында да көтерілу мүмкіндігін жібермейді және жыл-

дар өткен соң ол да ол туралы еске алатын болады.  



Неге  көңіл  бөлу  керек?  «Дилетант»  өзінің  қауқарсыздығын 

біле тұра, сізге өз қорқынышыңыз бен тәуекеліңізге сеніп әрекет 

етуге  мүмкіншілік  берген  жағдай  ғана  жеңіл  болады.  Егер  бас-

шы  қажетті  құзыреттіліктің  жоқтығын  ұғынбай,  оны  жетекші-

ліктің  авторитарлық  стилімен  және  көргенсіз  әрекеттермен  жа-

сырмақ  болса,  жағдай  әлдеқайда  қиын  болады.  Бұл  жағдайда 

сізге  қорғануға  тура  келеді.  Сондықтан  алдын  ала  әріптестері-

ңіздің арасынан өзіңізге жақтаушы тауып алыңыз.  



Басшыны не ренжітеді? Сіз ашық түрде онымен бәсекелес-

сеңіз, бұл соғыс жариялау сияқты көрінеді, оның артынан сәйкес 

санкциялар  жүргізіледі.  Жоғары  инстанцияларға  шағымдану 

әдетте көмектеспейді, өйткені дәл сол жоғарыда «дилетантқа» өз 

уақытында  орын  алуға  көмектескен  және  өздерінің  қателіктері 

мен оның құзыретсізділігін мойындағылары келмейді.  



Өзіңіздің қабілеттеріңізге оның зейінін қалай аудару керек? 

ешқалай, ол ештеңені түсінбейді. 



Өзіңіздің  идеяларыңыз  бен  қызығушылықтарыңызды  қалай 

сақтауға болады? Мойынсұнуды сақтай отырып, «Дилатант» – 

басшы  сізді  өзінің  жақтаушысы  ретінде  көргенше,  сіздің  қолы-

ңыз байлаулы болады.  

SUPER плюс (Минск). – 1994. 14 октября. – №21. – С. 1-2. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет