Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет46/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   184
Атқарушылық  стиль  –  ережелер  және  жалпы  қабылданған 

нормалар бойынша іс-әрекет. 



Заңнамалық  стиль  –  проблемаларды  шешуге  жаңа  жолдар 

жасау. 


Бағалаулық  стиль  –  «тәртіпке  келтіретін»  дайын  жүйелер-

мен  жұмыс.  Бұл  типтегі  адамдар  проблеманы  талдайды,  сы-

найды және жетілдіреді. 

Интеллектуалдық  қабілеттердің  жоғары  байқалулары- 

ның  арасынан  интеллектуалды  дарындық  типтері  атап  көрсеті-

леді. 


Саналаушылар  –  интеллект  коэффициенті  135  балдан  жо-

ғары (Д. Векслер шкаласы бойынша норма – 100-115 балл).  



Керемет  оқушылар  –  оқу  жетістіктерінің  жоғары  көрсет-

кіштері бар адамдар. 



Креативтер  –  шығармашылық,  айрықша  идеяларды  көп 

мөлшерде  туғызатын  және  күрделі  проблемаларды  шешуде 

қажеттілікке мұқтаж адамдар. 

Біліктілер – кәсіби білімдердің үлкен көлемі және практика-

лық жұмыс тәжірибесі бар адамдар. 



Таланттылар  –  қоғамдық  мәнді  формаларда  танымға  ие 

болған аса интеллектуалды жетістіктері бар адамдар. 



Ақылдылар  –  «күнделікті»  өмірді  талдау  мен  болжауға  бай-

ланысты  айрықша  интеллектуалдық  мүмкіндіктері  бар  адам- 

дар.  

Интеллект  табиғаты  мен  құрылымын  сипаттау  қорытын-



дысында  психологиядағы  интеллектуалдық  қабілеттер  тұтас- 

тай  алғанда  тұлғаның  жалпы  қабілеттерінің  бірі  ретінде  айты-

латынын  атап  көрсету  керек.  Бірақ  бұл  санатқа  басқа  да,  тұл- 

ға  қабілеттерінің  «ранг  бойынша»  қорытылу  дәрежесіне  ұқсас 




121 

 

креативтік,  оқуға  бейімділік,  рефлексивтілік  кіреді.  Іс-әрекетте 



олар  интеллекпен,  интеллектуалдық  іс-әрекеттің  жаңа  ерекше-

ліктері  негіз  құра  отырып,  ажырамас  байланыста  болады.  Бас-

қарулық  іс-әрекет  үшін  жалпы  қабілеттердің  түзілу  кешенді- 

лігі  әлдеқайда  мәнді.  Интеллект  жалпы  қабілеттердің  бірі  бо-

лып  табылатындықтан,  соңғылары  оған  ықпал  етеді,  мұны  же- 

текшінің  практикалық  интеллектісін  сипаттау  кезінде  ескеру 

қажет. 

 

Интеллект және басқару іс-әрекетінің тиімділігі 

 

60-жылдардың  басында  басқару  іс-әрекеті  мен  интелектіні 



байланыстыратын  негізгі  және  бастапқы  заңдылық  анықталды. 

Америкалық  психолог  Е.  Гизелли  тура  емес  (ұзақ  уақыт  бойы 

солай  есептелінген  және  осы  саладағы  зерттеулерді  құрсау-

лаған)  қисық  сызықты  тәуелділік  бар  екенін  байқады.  Өте  жо-

ғары интеллект бар жетекшілер емес, оның байқалуының қандай 

да бір оңтайлы дәрежесі бар жетекшілердің іс-әрекеті әлдеқайда 

табысты  болып  есептеледі.  Бұл  нәтижелердің  кенеттігі  осы 

саладағы  жаңа  зерттеулерді  ынталандырды.  Олар  қазіргі  кез- 

де  хрестоматиялық  болған  айқындалған  тәуелділікті  рас- 

тады [52]. 

Дегенмен  бұл  нәтижелер  олардың  көптігіне  және  сенімді-

лігіне қарамастан,  «жақсы жетекші – бұл өте ақылды жетекші» 

деген  күнделікті  ұғыммен  сәйкес  келе  бермейді.  Ғылыми  және 

эмпирикалық  мәліметтердің  қарама-қайшылық  себептерін 

айқындау  интеллект  басқару  іс-әрекетінің  тиімділігімен  байла-

нысының  мәнін, олардың өзара  әсерлесуінің күрделілігін  ашып 

көрсетуге мүмкіндік береді. Ф. Фидлер мен А. Лейстердің «ара-

лық  факторлар»  тұжырымдамасында  осы  себептердің  кейбі-

реулері  сипатталған.  Ол,  интеллектің  басқару  іс-әрекеті  табыс-

тылығымен  тура  емес,  көбінесе  орталанған  болып  табылаты-

нына  негізделеді.  Іс-әрекет  тиімділігіне  интеллект  ғана  емес, 

көптеген  себептер  ықпал  етеді,  ал  интеллект  оған  көптеген 

аралық айнымалылар, яғни жетекшінің мотивация деңгейі, оның 

тәжірибесі,  басшылармен  және  өзі  басқаратын  топпен  арақа-

тынасы арқылы әсер етеді.  




122 

 

Интеллектуалдық  қабілеттер  диагностикаланатын  тесті- 



лердің  барлығы  дерлік  теориялық,  абстрактілік  негізде  құры- 

лады.  Менеджердің  интеллектуалдық  функцияларына  қойы-

латын  талаптарды  қолданыстағы  тестілер  жасалған  талаптар-

мен  салыстыруға  болмайды.  Сондықтан  да  нәтижелер  қарама-

қайшы.  

Басқару  іс-әрекеті  тиімділігінің  интеллект  деңгейіне  қисық 

сызықты  тәуелділігі  соңғы  уақытта  анықталған  басқа  да  себеп-

термен түсіндіріледі, мысалы:  

1)  интеллект  деңгейі  мен  басқару  іс-әрекетінің  өтілі  ара-

сындағы кері байланыстың болуы

2)  басқару  іс-әрекетінің  өтілі  салыстырмалы  түрде  аз  адам-

дарда жоғары интеллектің болуы. 

Интеллектуалдық  көрсеткіштердің  өтіл  өсуі  кезіндегі  тө-

мендеуінің  екі  негізгі  себебі  бар:  психофизиологиялық  функ-

циялардың,  соның  ішінде  интеллектің  табиғи  жас  ерекше- 

лік  инволюциясы  және  интеллектуалдық  тестілердің  көп- 

шілігі  негізделген  академиялық  білімдер  мен  машықтар- 

дың  «ұмтылуы».  Жетекшінің  интеллекті  көп  дәрежеде  тео-

риялыққа  қарағанда  практикалық  бола  түседі.  Басқару  іс-

әрекетінің  жалпы  тиімділігіне  интеллектің  өзі  емес,  өтіл  мен 

оның  туындысы  кәсіби  және  өмірлік  тәжірибе  көбірек  ықпал 

етеді. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет