Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет54/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   184
Баламаның  бастапқы  элиминациясы  өзіне  алдын  ала  тұжы-

рымдалған  көрсеткішімен  салыстыруды  қосып  алады.  Бала- 

маның  бастапқы  көпшілігі  осының  нәтижесінде  едәуір  қысқа-

рады,  бұл  келесі  талдау  мен  түпкілікті  таңдауды  қарапайым-

дайды. 

Баламалар бастауының пайдалылығын бағалау. Элиминация 

көрсеткіші  бойынша  таңдалып  алынған  баламалардың  бұл  ке-

зеңінде тиімділігі (пайдалылығы) жағынан олар соқтыруы мүм-

кін  бастаулар  талданады.  Оны  баламалы  максимизациялау  ке-

зеңі ретінде белгілеуге болады. 




147 

 

Максимизизацияланған  баламаны  таңдау.  Бұл  кезең  бүкіл 

процесс үшін шешуші болып табылады. Мұнда көпшілік ішінен 

бір баламаны таңдап алу жүзеге асырылады. 



Шешімді  іске  асыру  –  таңдап  алынған  баламаны  іске  асы-

руға бағытталған атқарушылар іс-әрекетінің жиынтығы.  



Шешімдерді іске асыру нәтижелерін бағалау – егер бағалау 

оң  болса  шешімдер  циклы  аяқталады;  ал  ол  теріс  болса,  онда 

шешімді қайта қарау жүргізіледі. 

Шешімдерді  түзету.  Нәтижеге  шағын  жетуді  көрсететін  баға 

варианты  ең  типтік  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  ең  тиімді 

түзету – шешімді толықтай қайта қарау емес, оны нақтылау және 

толықтыру.  

Бұл кезеңдердің барлығы бірлесе келе, шешім қабылдаудың 

толық  циклін  құрайды.  Оның  жекеленген  сатылар  болмайтын, 

редуцияланған (қысқартылған) формалары жиі кездеседі. 

Коллегиялық  шешімдер,  аздап  түрі  өзгергенімен,  қарасты-

рылған  кезеңдердің  көпшілігін  қарастырады.  Бұл  шешімдер 

төмендегідей жаңа кезеңдермен және психологиялық ерекшелік-

термен толыға түседі: 

1. Бастапқы мәліметтер жүйесін анықтау қажеттілігі. Топтың 

белгісіздікті    саналауы  шешімдер  процесін  ашып  көрсетудің 

сыни  ынталандырушысы  (стимулы)  болып  табылады.  Белгісіз-

дік  аймағын  барынша  қысқарту,  топ  мүшелерінің  оның  шека-

расын, сипатын және оны болдырмау мәселелерінің мәнін анық-

тауы – осы процесс тиімділігінің маңызды шарттары.  

2.  Шешімге  қосылатын  топ  құрамын  анықтау.  Бұл  –  жетек-

шінің қорытынды шешім тиімділгіне ықпал ететін өте маңызды 

функциясы. 

3.  Шешімнің  ақпараттық  негізін  қалыптастыру  («ақпарат-

тың  жалпы  қоры»).  Оның  негізгі  принципі  –  ақпараттық  қор-

дың көпсатылығы, «спираль тәріздес» баюы (шешім шығарудың 



итеративтілік принципі). 

4. Топтың шешімді әрі қарай ұйымдастыру стратегиясы жө-

ніндегі меташешімді шығаруы. 

5. Топ мүшелерінің жеке мақсаттар туралы, топтың басқа 

мүшелерінің  басымдықтары  мен  мүмкіндіктері  жайлы  ұғым-

дарды анықтауы. 




148 

 

6.  Топтық  дифференциация  процестерін  қарқынды  ашып 



көрсету.  Топ  мүшелерінің  рөлі  және  көшбасшы  анықталады, 

топтың иерархиялық құрылымы түзетіледі. Көбінесе формальды 

жетекші  емес,  осы  топтың  басқа  бір  мүшесі  мұндай  көшбасшы 

болып  шығады.  Үш  шағын  топ,  яғни  «көшбасшыны  қолдаушы-

лар»,  «оппозиция»,  «бейтараптар»  қалыптасады.  Көшбасшы  бол-

маған кезде топтың дифференциациясы паритеттік типтегі коали-

циялық сипатта болады. 

7.  Топтың  тағы  бір  меташешім  шығаруы  –  жеке  басымдық-

тарды  келістіру   негізіне  арналған  көрсеткіш  таңдау.  Бұл  топ-

тық  шешімнің  бүкіл  процесінің  ең  жан  ауыртар  және  қарама-

қайшы сатысы. Бұл кезең компромистік сипатта болады. 

8. Нақты альтернативтік вариантты таңдау. Бұл кезең тұтас-

тай  алғанда  бүкіл  процесс  үшін  айқындаушы  болып  табылады. 

Ол бірнеше негізгі тәсілдермен жүзеге асырылады: 

– мажоритарлық стратегия формасында («қарапайым көп-

шілік» ережесі негізінде); 

– компромистік шешім шығару негізінде; 

–  жетекші  ұсынатын  (немесе  мәжбүрлейтін)  вариантты  қа-

былдау негізінде; 

–  топ  келісілген  шешім  қабылдау  мүмкін  болмағанда  бас-

тапқы  мәселені  қайта  тұжырымдай  және  шешім  қабылдау 

қажеттілігінен кете алады (жоғары тұрған жетекшіліктен шешім 

сұрау немесе проблеманың «өздігінен шешілуін» бей-жай күту). 

Шығарылған  және  қабылданған  шешімдердің  орындалуын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет