Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет53/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

құбылыстары  және  қиындықтары  туындайды:  шешім  шығару-

дың  қатардағы  мүшелерінің  жеке  өндірімділік  шамасының  тө-

мендеуі;  шешім  шығару  уақыты  мен  «құнының»  артуы;  иерар-

хиялық  шешімдер  жағдайларындағы  топ  мүшелерінің  креатив-

тілік  шамасының  төмендеуі;  мұндай  шешімдердің  стереотип-

тілігі,  олардың  инерциялылығы  және  консерватизмі;  шешім-

дердің  ақпараттық  базисінің  бұрмалануы;  орындау  қиындығы 

және  оның  орталанған  сипаты;  шешім  шығаруда  топ  мүшелері 

жағынан  қарсы  қимылдың  туындауы.  Бұл  –  құбылыстардың 

байқалу  шамасы  иерархия  «тереңдігіне»  және  оның  қатаңдық 

дәрежесіне  тура  пропорционал.  Бұл  ерекше  құбылыстар  кол-

легиялық шешімге жеке үлестер иерархиясы мен құрсалу «мұз-



дану» ұғымында қорытылады. Жетекшінің басты міндеті – ұжым-

дық шешімге тартылған топ әлеуетін «жібіту». 

 

Басқару шешімдерін  қабылдауды процессуалдық 

ұйымдастыру сипаттамасы 

 

Басқару  шешімдерінің  көпшілігі  өзіне  жеке  және  коллегия-



лық  таңдау  компоненттерін  қосып  алатын  құрама  болып  табы-

лады.  Бұл  жердегі олардың  пропорциясы  вариацияланады.  Бас-

қару  шешімдері  құрама,  жеке  және  топтық  таңдаудың  негізгі 

кезеңдерінің туындысы болып табылады. Басқару шешімдерінің 

жалпы  процессуалдық  сипаттамасы  осыған  байланысты  екі  не-

гізгі  жоспардан  тұрады:  жеке  және  топтық  (коллегиялық)  таң-

даулардың  негізгі  кезеңдерін  тізбектей  сипаттау. Екінші аспект 

шешімдердің  нақты  формаларының  көпшілігі  үшін  ең  типтік 

және практикалық маңызды болып табылады.  

Жеке  таңдауды  қорытылған  түрде  процессуалдық  ұйымдас-

тыру келесі кезеңдерден тұрады. 

Проблеманы тіркеу және саналау. Процестің бұл кезеңі өте 

күрделі және бірнеше шағын кезеңнен тұрады: 1) таңдауды жү-

зеге асыратын жағдайды танып білу; 2) жағдайдың «айқынсыз-

дық аймағын» тіркеу (пайда болған проблеманы туындататын па-



146 

 

раметрлерді атап көрсету); 3) таңдау мақсатын қою және оны іс-



әрекеттің  жалпы  мақсаттары  мен  міндеттері  түрлерімен  келіс-

тіру;  4)  мінез-құлықтың  таңдау  жағдайындағы  тұжырымдалған 

мақсатын  жағдай  ерекшеліктерімен  салыстыру  –  нәтижесінде 

жағдай  шешілуін  талап  ететін  проблемалық  ретінде  танылады 

және субъективті түрде таңдау мәселесі ретінде көрінеді. 

Шешім  қабылдау  мәселесі  туралы  субъективті  ұғымды 

тұжырымдау.  Проблемалық  жағдайды  шешімін  табуды  қажет 

ететін  мәселе  ретінде  тіркеген  әрі  саналаған  субъект  оның  мо-

делін тұрғызады. Оның құрамында жағдайдың негізгі параметр-

лері,  жағдайдың  ақпараттық  ерекшеліктері,  соған  қойылған 

шарттар  мен  шектеулер,  оны  шешуге  рұқсат  етілетін  құралдар 

мен мүмкіндіктер бар. Бұл – объективті жағдайдың оперативтік 

образға өте ұқсас және оның негізгі қасиеттеріне ие субъективті 

образы.  Ол  жағдайдың  концептуалдық  үлгісі  ретінде  қарасты-

рылады. Бүкіл шешім үшін бұл маңызды кезең шешімнің жалпы 

уақытының 30 пайызын алады. 



Баламаны қалыптастыру. Бұл кезеңде жағдайдан шығудың 

әртүрлі  варианттары  қалыптасады.  Алғашында  олар  болжам 

ретінде болады, сонан соң әрі қарай қарастыруды талап етеді. 

Баламаны тұжырымдау. Таңдауды іске асыру альтернатив-

тің бастапқы көпшілігі негізінде жүрмейтіндігі маңызды психо-

логиялық  ерекшелік  болып  табылады.  Субъект  көзқарасынан 

алғанда,  баламалы  варианттардың  мәнділігі  төмендерін  алдын 

ала  «сүзгілеу»  жүреді.  Бұл  процесс  баламаны  элиминациялау 

деп  аталады.  Бұл  кезең  көбінесе  саналанбаған  формада  жүзеге 

асырылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет