Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет63/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

нәтижелі  параметрлерде  азырақ,  ал  олардың  процессуалдық 

сипаттамаларында  көбірек  байқалатынында.  Когнитивтік  про-

цестер даму деңгейі мен шешім сапасы арасында тура оң тәуел-

ділік  бар,  бірақ  ол  жалпы  сипатта  болады  және  басқа  фактор-

лардың ықпалымен көбінесе екінші қатарға ығысады. Тіпті зер-

де (интеллект) деңгейі де шешім сапасымен күрделі әрі орташа 

байланыста болып, оның 15%-ы ғана өзімен анықтайды. 

Жеке  қасиеттер  шешім  шығару  тәсілін  таңдауға  едәуір  үл-

кен ықпал етеді. Бұл таңдау (көбінесе саналанбаған түрде) жеке-

ліктің  күшті  жақтарына  негізделеді,  оның  әлсіз  жақтарын  ше-

шімге қоспайды, сондықтан да ол өзіндік өтемдік рөл атқарады. 

2.  Өте  маңызды  заңдылық  жеке  сапалардың  барлығының 

шешім қабылдау процесінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста 

және іс-әрекетте болатынынан көрінеді. Шешім қабылдау тәсіл-

дері  мен  нәтижелері  жекелеген  сапалардың  қарапайым  жиын-

тығына  емес,  олардың  сабақтасуына,  кешендік  тұтастығына 

тәуелді  болады.  Өздерімен  шешім  қабылдау  процестерін  шарт-

тандыратын  жеке  сапалардың  симптомдық  кешендер  бірінші 

кезекте мазмұн айырмашылығына – шешім стиліне (олардың нә-

тижелеріне емес) ықпал етеді. 

Шешім қабылдау нағыз мәнімен тығыз байланыстағы интер-

налдық-экстерналдық  сияқты  сапаның  өзі  де  тек  тәсілдер  мен 

стратегияларда ғана, яғни шешім шығару процесінің мазмұнын-

да байқалады. Эксперименттер көрсеткендей, интерналдар бала-

маның  көбін  жасайды,  ал  олардың  мазмұны  әлдеқайда  нақты-

рақ; шешім дайындауға олар көбірек уақыт жұмсайды; өздерінің 

дәлелдеріне, сырттан келетін ақпаратқа қарағанда, көбірек сене-

ді;  детерменистік  мәселелерді  олар  мүмкіндіктерге  қарағанда 

жақсы  шешеді;  шешімнің  орындалу  барысына  ағымдық  байқау 

процесі оларда әлдеқайда айқынырақ болады. Экстерналдар қа-

рама-қайшы ерекшеліктермен сипатталады. 




168 

 

Болжаулар  мен  баламаларды  тұжырымдау  кезеңінің  (А)  және 



оларды талдау, түзету мен бақылау кезеңінің (К) арақатынасына 

тәуелді  бес  типті  атап  көрсету  шешімдер  шығарудың  стилдік 

айырмашылықтарының ең белгілі жіктемесі болып табылады. 

Инерттік шешімдердің формуласы А<<К, яғни екінші кезең 

біріншісінен  үстем  болады.  Олар  варианттарды  аса  сақтықпен 

іздеуді  сипаттайды,  оларды  бақылау  да  өте  баяу  және  сенімсіз 

жүргізіледі.  Әрбір  адам  күдікпен  қарастырылады.  Баламалы 

генерациялау процестері ерекше де, креативті де емес. 

Сақтықты шешімдер (А<К) – бірінші типтік жұмсартылған 

варианты; ол шешім шығарудың екі кезеңінің теңдесуі есебінен 

ұтымды болады. 

Теңдестірілген шешімдер (А=К) шешім қабылдаудың негізгі 

кезеңдердің  үйлесімімен  сипатталады.  Бұл  кезең  әлдеқайда 

сенімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 

Тәуекелдік  шешімдер  (А>К)  болжаулар  мен  баламалар 

кезеңінің  оларды  бақылау  мен  түзету  кезеңінен  үстемдігімен 

сипатталады.  Зерттеулер  бұл  шешімдердің  теңдестірілгендерге 

қарағанда  әлдеқайда  өнімді,  бірақ  сенімділігі  төмен  екендігін 

көрсетеді. 

Импульсивтік  шешімдер  (А>>К)  баламалар  мен  болжаулар 

кезеңінің оларды бақылау мен түзету кезеңіне аса үстемдігімен 

сипатталады.  Олар  өте  тәуекелді  және  тиімділігі  төмен,  көңіл-

күйлік  факторлар  ықпалымен  қабылданады  және  қайтарымы 

ауыр зардаптарға жиі соқтырады. 

Басқару  іс-әрекетіне  қатысты  жалпылығы  төмен  және  әлде-

қайда өзіндік ерекше жіктеме шешімдердің негізі сегіз тұлғалық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет