3.7 Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік
процестер
Коммуникативтік процестер басқару іс-әрекетін ұйымдасты-
руда үлкен рөл атқарады, өйткені оның «субъект-субъектілік
сипаты» жетекші мен қол астындағылар арасындағы тұрақты
байланыстардың болуын білдіреді. «Коммуникация» ұғымында
бірқатар аспектілерді ажыратады:
1. Коммуникативтік функция басқаруды тұтастай алғандағы
негізгі және өзіндік ерекше функцияларының бірі ретінде.
2. Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы осы функцияны
іске асыруға бағытталған; вербальды мінез-құлық айрықша рөл
атқарады.
3. Тұлғааралық жанасулар барысында пайда болатын коммуни-
кативтік құбылыстар мен заңдылықтар, психологиялық әсерлер.
4. Тілдесуді қамтамасыз етуші психологиялық механизмдер
болып табылатын коммуникативтік процестердің өзі.
Вербальдық мінез-құлық психологиясы басқару психология-
ның ауқымды және дербес саласы, көлемі жағынан тұтастай алған-
да іс-әрекетті басқару психологиясымен салыстырмалы болады.
Тілдесу мен іс-әрекетті басқару процесін және жетекшінің сондағы
мінез-құлқын сипаттайтын екі негізгі және «теңқуатты» ұғым.
Коммуникация – бұл басқарудың сыртқы жағы, оның тікелей
практикасы, сондықтан олар оқып-үйренуге әлдеқайда жеңіл.
Басқаруда іс-әрекетті психологиялық сипаттау үшін комму-
никациялардың сыртқы жағы емес, солардың негізіне жататын
және жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқын қамтамасыз
ететін психологиялық процестер, құбылыстар мен заңдылықтар
негізгі мәнге ие.
Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы
Жетекшінің тиімді коммуникативтік мінез-құлқының негізі
болып табылатын ережелер мен талаптарды сақтау практикалық
және теориялық көзқарас тұрғысынан алғанда ең үлкен мәнге
ие. Тиімсіз коммуникациялар нашар жетекшіліктің басты себеп-
терінің бірі.
172
Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы төмендегідей бір-
неше негізгі топқа бөлінеді: басқа функциялар мен мәселелер-
дің атқарылуын қоштайтын параллель коммуникациялар; әң-
гімелесулер мен келісімдер; іскерлік кеңестерді ұйымдастыру
және өткізу; жетекшінің көпшілік алдында сөйлеуі; қол астын-
дағыларға олардың іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында әсер
ету формасы түріндегі сөздік атқарымдық іс-әрекет. Сондай-ақ
коммуникацияның вербальды емес формалары – мимика, пан-
томимика және жазба түрлері бар. Бұл түрлердің әрқайсы-
сы жетекшінің сөздік мінезіне өзіндік ерекше талаптар қояды.
Тілдің жалпы мәдениетіне негізгі талаптар қойылады. Олар-
дың арасындағы ең маңыздысы – лингвистикалық нормаларды
сақтау.
Тіл мәдениетінің ажырамас компоненті – алдымен идеалды,
сонан кейін вербальды тұрғыда тұжырымдалуға тиіс хабардың
ақпараттық қашықтығы.
Коммуникация тиімділігі фразалардың тұрғызылуындағы тү-
сініктілік пен құрылымның қарапайым болуынан көрінеді.
Тілдегі қателік көңіл-күйлік бояманың болмауы және оның
гипертрофтануы; айтылу мазмұнының үйлесімділігі және оның
көңіл-күйлік қанығу шамасы қажет.
Дәл осындай талап коммуникацияның вербальдық және
вербальдық емес құралдарының сабақтастығына да қойылады.
Коммуникацияларды олардың мақсаттық бағытталуын еске-
ре отырып тұрғызу қажет; мазмұны бойынша олар өзі сол үшін
жүзеге асатын мәселеге сай болуға тиіс.
Тіл мәдениетіне қойылатын маңызды талап – оның адресат
ерекшеліктеріне баламалығы.
Бұл талаптардың барлығының сабақтастығы – жетекшінің
коммуникативтік біліктілік шарттарының бірі, ол әңгімелесулер
мен келіссөздер жүргізу кезінде әлдеқайда толығырақ байқала-
ды. Бұл кезде өзіне тән ережені де сақтаған жөн: әңгіменің бі-
рінші кезеңдерінен байланыс орнату; әңгімеге мұқият дайын-
далу (өз мақсаттарының нақтылығы, өз мінез-құлқының такти-
касы); тыңдай білу шеберлігі; әріптеске деген құрмет пен зейіні;
асығыс тұжырым жасамау; қорғансыз болмау; қажетсіз таласқа
араласпау; әңгіме алып келуі мүмкін нәтиже туралы ұмытпау.
173
Бұл талаптар іскерлік кеңестер барысында да оң болады. Бес
негізгі кезең атап көрсетіледі: кеңестің басталуы; негізгі ақ-
паратты беру; дәлелдеу; қарсы дәлелдерін бейтараптандыру
немесе жоққа шығару; шешім қабылдау. Оларға іскерлік
кеңестер өткізудің бес негізгі принципі әрбір негізгі кезең үшін
сай келеді:
1) қатысушылардың зейінін проблемаға аудару, олардың
талқылауға қатысу қажеттігін түсіндіру;
2) талқыланатын проблеманың әлдеқайда тиімді шешілуіне
қатысушылардың жеке қызығушылығын ояту;
3) барлық айтылған пікірлерді барынша дәлелдеу;
4) бөтен дәлелдерді жоққа шығарудан бұрын, олардың нақ-
ты себептерін ашуға тырысу;
5) түбегейлі шешім шығаратын кезде кеңеске қатысушы-
лардың қызығулары мен мүдделерін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: |