Топтық пікірталастың шешімдер процесі мен нәтижесінде
ықпалын қарастыру тұлғааралық шешімдер процестері феноме-
нологиясын зерттеудің маңызды жағы болып табылады. Екі ма-
ғыналы құбылысты, яғни «қосылу» құбылысын топ пікірлері
мен тұрғыларын пікірталас барысында жақындату) және «ажы-
рау» құбылысын (пікірлерді, бағаларды және көзқарастарды
поляризациялау) анықтау үлкен рөл атқарады.
Топтық пікірталас кезінде рөлдік дифференциация процесі
ашылады, онда жауапкершілікті бөлу мен жүктеуге байланысты
«рөлдік фасилитация» құбылысы туындайды. Оның мәні белгілі
әлеуметтік рөлдегі адамның шешім қабылдауының өзі, одан өз
іс-әрекеті үшін жауапкершіліктің бір бөлігін алып тастайтын
сияқты болатынында. Бұл құбылыстың негізі мынада, бұл рөл
субъектіге топтан беріледі, сөйтіп оған жауапкершіліктің бір
бөлігі өтеді. Бұл шешім қабылдау процестеріне жеңілдететін
(фасилитациялық) ықпал көрсетеді.
«Жатталған диссонанс» құбылысы – бұл тағы да бір топтық
құбылыс. Топтың әрбір мүшесі онда өздері басымдық беретін-
дердің көп бөлігі іске аспауы мүмкіндігін түсінеді, сондықтан ол
қорытынды шешімнің өз мүдделерімен болашақ диссонансын
алдын ала көретіндей сезінеді. Бұл ұстанымды бекіту субъекті-
163
нің шешім шығару және оны қабылдау барысындағы белсенділі-
гінің төмендеуіне соқтырады. Бұл «өзінің және өзгенің дәлелде-
рін баламалы бағалаудағы асимметрия» құбылысының байқа-
луына алып келеді.
Топтық шешімдерге «көлем әсері» орын алады. Аса үлкен
немесе өте кіші топтар оңтайлы көлемдегі топқа (4–8 адам) қа-
рағанда, шешім қабылдаудың төмен тиімділігімен сипатталады
[10, 11, 12].
Топтық шешімдер үшін «құрам әсері» орнатылған. Біртек-
тіліктің оңтайлы (орташа) дәрежесі бар топтар ең тиімді шешім-
дер шығарады.
Топтық шешімдер үлкен сенімділікпен сипатталады, деген-
мен жеке шешімдердің де өзіндік артықшылықтары бар. Бұл –
олардың үлкен тиімділігі, икемділігі, жеделдігі. Олар әлдеқайда
ерекше, жан-жақты (жағдай сәттеріне сезімтал) креативті. Жал-
пы алғанда, коллегиалды түрде дайындалып, жеке қабылдана-
тын шешімдер тиімдірек деген пікір де бар.
Соңғы уақытта сипатталған шешімдер сапасының ассим-
метрия әсерінің қосжақты байқалысы бар:
1. Топ жетекшінің жеке шешімдері сапасын емес, өз мүше-
лерінің жеке шешімдерінің сапасын өзгертуге көп мүмкіндік
алады.
2. Топ жетекші топтың сәтсіз шешімдерінің орнын толтыру
мүмкіндігіне қарағанда, жетекшінің сәтсіз шешімдерінің орнын
толтыру үшін аз мүмкіндікке ие. Бұл топтың ықпалының жеке
шешімдерге адамның топтағы жағдайына байланысты тәуелді-
лік сипатын көрсетеді.
Көрсетілген құбылыстардың барлығы кез келген топтық ше-
шімдерде байқалады, ал иерархиялық ұйымдасқан топтарда кол-
легиялық шешімдердің феноменологиясы күрделенеді және жаңа
құбылыстармен толығады. Көшбасшылық құбылысына байла-
нысты құбылыстар атап көрсетіледі.
Көшбасшыға иллюзорлық гипертрофикалық сенім. Бұл жер-
де жоғарыда сипатталған «ореол әсері» көрініс береді. Бұл
құбылыстың өзінің «айналық» варианты бар – көшбасшы мен
топ келіспеген кезде көшбасшыға сенбеу көзқарасы қалыпта-
сады.
164
«Жалған келісім» құбылысы. Топтың кейбір мүшелерінің бі-
ліксіздігі мен жеке көзқарасының әлсіздігі олардың осы бір өзін-
дік көзқарасқа өтуін шарттандырады. Адам көпшілікпен немесе
көшбасшымен келісетінін атап көрсетеді. Қарама-қайшы мінез-
құлық бағдары – өз рөлін атап көрсетуге ұмтылуы, «ерекше-
лену» – «бейнелік келіспеушілік» құбылысынан байқалады.
Виртуалдық «шешуші» құбылыс – бұл субъектінің, топ бө-
лігінің онша негізделмеген пікірі бойынша «байқалуы және
проблеманы шешуге тиіс» құбылысы. Бұл – кері құбылыс, бірақ
оның да оң жағы бар. «Шешушіні» күту таңдауға дайындықты
ұзартады, сөйтіп топ мүмкін жағдайда таңдаудың таралу және
негізделу шамасын арттырады. Бұл құбылысқа екі негізгі аспект
бар «шешім саласындағы экспансия» құбылысы «айна» тәріздес
қарама-қайшы. Мұндағы екі негізгі аспект: 1) топтың өз деңгейі-
не кіретін мәселелерді шешудегі рөлі туралы иллюзиялық ұлғай-
тылған түсінік; 2) жоғары тұрған инстанция шешімдерін топ
шешімдерімен алмастыру, сөйтіп шешілетін мәселелер саласын
кеңейту.
Иерархиялық ұйымдастырылған топтарда ұйымның «әлеуетін
тоқтату» құбылысы ең жалпылама болып табылады. Топтық
ұйымдастыру механизмі ретіндегі иерархия оның басқарылуы мен
құрылымын қамтамасыз етеді, бірақ бір мезгілде ол өз мүшелерінің
креативтік қабілеттерінің байқалуын құрсаулайды. Бұл құбылыс
кейде өзіне қарама-қайшы формасын қабылдайды – топ шешімдер
процесінде мүшелері әлеуетінің байқалуын жеңілдете алады, бұл
өз кезегінде оның әлеуетін «босатуға» алып келеді.
Иерархия механизмі нәтижелі құбылыстардың байқалу сипа-
тына да ықпал ете алады. Топтар «мүмкіндікті» (ықтималдық,
белгісіз) шешімдерге қарағанда нақты қойылған, «жақсы анық-
талған», детерменистік мәселелерді табыстырақ шешеді. Пари-
теттік топтарда қарама-қайшы арақатынас болады. Иерархия-
лық топтар үшін шешімдердің төменірек негізділігі мен үлкен
стереотиптілігі тән.
Иерархиялық топта жетекші топтың жетекшіге қатысты бі-
ліксіздігіне қарағанда, шешімдердегі топ біліксіздігіне қатысты
үлкен өтемдік мүмкіндіктерге ие. Бұл заңдылықты «білімділік
өтемінің асимметриясы» ретінде белгілейді.
165
Н. Триплетт топтың жеке шешімдер мен іс-әрекеттің орын-
далуына ықпалын жеңілдетуден көрінетін « әлеуметтік фасили-
Достарыңызбен бөлісу: |