Басқару іс-әрекетіндегі жалпы және арнайы қабілеттер
Басқару қабілеттерінің үшінші санаты құрылымдық-психо-
логиялық көрсеткіш бойынша психологияда қолданған қабілет-
терді жалпыға және арнайыға бөлуді көрсете отырып анықта-
лады. Арнайы қабілеттер ұғымы екі жоспарда қарастырылады.
Басқару іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін жалпы қа-
білеттерге интеллект, креативтілік, оқыту, рефлексивтілік, бел-
сенділік, өзін-өзі реттеу жатқызылады.
Басқару іс-әрекеті жетекшінің жалпы қабілеттерінің даму
шамасына байланысты табыстылығының өзіндік қисық сызықты
тәуелділігі бар. Бұл факт интеллектіге, рефлексивтілікке және
креативтілікке қатыстылығы эксперименталды түрде дәлелден-
ген. Оқытулық қабілетке қатысты мәліметтер қазірше жоқ. Бірақ
мұнда жағдай осыған ұқсас болуға тиіс. Нашар оқыту басқару
іс-әрекетінің негативтік факторы болып табылады, бірақ жақсы
оқыту да басқару тиімділігіне оң ықпал етпейді. Басқару іс-
әрекетінің репродуктивтік стратегиялары күшейе түседі. Оның
жоғары сенімділігін қамтамасыз ете отырып, олар өнімді стиль-
ге қарағанда, максималды нәтижелер бермейді. Сонымен қатар
220
тым жоғары оқытулық іс-әрекеттің тәуекелділігін арттырады
және тұрақты эксперименттеу, неге үйренгенін бірден сынауға
ұмтылу үшін алғышарт бола отырып, оның сапалық көрсеткіш-
терін төмендетеді [12, 13, 14].
Арнайы қабілеттер басқару іс-әрекетінің табыстылығымен
тура тәуелділікпен байланысқан. Арнайы қабілеттер неғұрлым
жоғары дамыған сайын, барлық тең жағдайларда іс-әрекет тиім-
ділігінің көрсеткіштері соғұрлым жоғары болады. Мысалы, ұзақ
мерзімді ес (кәсіби тәжірибенің психологиялық негізі) және
оперативтік ес (жедел басқарудың функцияларын жүзеге асыру
негізі) жетекші іс-әрекетінің объективті шарттары болып табы-
лады. Ойлау қабілеттерінің басқару іс-әрекетінің табыстылығы-
мен тікелей, тура байланысы да сондай-ақ айқын. Дәл осындай
рөлді перцептивтік, еріктік, аттенциялық (зейіннің дамуы), има-
жинативтік (қиялдың дамуы) қабілеттер де атқарады.
Келесі жағдайды да ескеру қажет. Негізгі психикалық про-
цестер мен функциялар басқару іс-әрекетінде өзіндік байқалу-
лары және қырларымен көріне отырып, өзіндік қасиетке ие
болады. Қабылдау процесі үшін – бұл олардағы әлеуметтік
перцепцияның айрықша рөлі, ойлау процестері үшін бұл прак-
тикалық ойлау. Демек, басқару іс-әрекетінде жеке қабілеттер де
өзінің негізгі екі аспектісінде болады: қандайда бір психикалық
процестер мен функциялардың даму деңгейі ретінде және
сапалы өзіндік нақты басқару іс-әрекетінің компоненттері үшін
ең қанықты спецификалық ретінде.
Жетекшіге жоғары дамыған, бірақ абстрактілі теориялық
ойлауды емес, орташа практикалық ойлауды және «өткір әрі да-
мыған» емес, дамыған әлеуметтік қабылдауды, әлеуметтік пер-
цепциялы қабілетті игергені жөн.
Психика негізгі үш шағын жүйеден тұрады: когнитивтік,
реттеулік және коммуникативтік. Басқару іс-әрекетінде бай-
қалатын жекелеген қабілеттер, тиісінше, когнитивтік, реттеулік
және коммуникативтік топтарға бөлінеді.
Когнитивтік – бұл жекелеген негізгі психикалық процестер
мен функциялардың қасиеті.
Реттеулік шағын жүйеге тиесілі процестердің барлығында
байқалулардың жеке шамасы бар. Сондықтан мақсат түзу, бол-
221
жау, шешім қабылдау, өзін-өзі бақылау қабілеттері айқындала
түседі. Басқару және психикалық іс-әрекеттің өзінің құрылысы
мен ұйымдастырылуының байланысы бұл қабілеттердің құра-
мының әлдеқайда жалпы қабілеттерден және жоғарыда сипат-
талған іс-әрекет бойынша атап көрсетілетін әлдеқайда жалпы
қабілеттерден байқалады.
Психикалық та, басқару іс-әрекеті де ұқсас механизмдер мен
процестерге негізделеді, олардың қалыптасуының жоғары дең-
гейін талап етеді және тиісті реттеулік қабілеттердің болуын
білдіреді. Аталған қабілеттерден басқа, бұл әлдеқайда инте-
гралды реттеулік-когнитивтік қабілет болып табылатын белгісіз-
дікке толеранттылық.
Коммуникативтік шағын құрамына кіретін және оның қыз-
мет етуін қамтамасыз ететін процестер, сондай-ақ айқындалу-
дың, қалыптасудың жеке шамасына ие болады. Бұл эмпатия,
аттракция, идентификация, сөз туғызу, т.б. процестер. Коммуни-
кативтік қабілеттер деңгейіндегі айырмашылықтар осы процес-
тердің қалыптасу шамасына тәуелді болады.
Психика құрылымына негізделген өзіндік реттеулік және
коммуникативтік қабілеттер қабілеттің жалпы жүйесін олар-
дың тағы бір типімен толықтыруды талап етеді. Олар жекелерге,
арнайыларға қарағанда әлдеқайда интегративті, бірақ бір мез-
гілде жалпыларға – интеллектіге, креативтілікке, т.б. қараған-
да азырақ қорытылған болып табылады. Қабілеттердің пси-
хологиялық құрылымында жалпы қабілеттер макродеңгейді, ал
жеке, арнайы қабілеттер микродеңгейді құрайды. Олардың
арасында орналасқан мезодеңгейді интегралдық қабілеттер
алады.
Қабілеттердің психологиялық құрылымы:
Макродеңгей
Жалпы қабілеттер
Мезодеңгей
Интегралдық қабілеттер
Микродеңгей
Арнайы қабілеттер
Басқару іс-әрекетінің табиғаты үшін орталық, өтпелі деңгей
ең маңызды және өзіндік қасиетке ие. Оның құрамына кіретін
қабілеттер негізгі басқару функцияларына (мақсат түзуге, жос-
парлауға, т.б.) теңдес.
222
Басқару іс-әрекетін жүзеге асырудың көптеген алуан түрлі
тәсілдеріне ие – ол поливариантты. Бұл жетекшіліктің бірнеше
негізгі стильдері бар екендігінен байқалады. Әртүрлі стильдер
қабілеттердің әртүрлі сабақтастығының болуын білдіреді. Ал
жеке симптомдық кешендердің айырмашылығы тұлғалық қабі-
леттер құрылымына қатысты өтемдік (компенсаторлық) функ-
циялар атқаратын жетекшілік стилін анықтайды. Жетекші таң-
дап алған белгілі бір стиль оған өзінің жеке тұлғасының күшті
жағына сүйенуге, ал әлсіз жақтарын «кері итеруге» мүмкіндік
береді. Жетекшіліктің әртүрлі стильдерінің болуы адами жеке-
ліктердің алуан түрлілігінің және басқару қабілеттерінің
вариативтілігінің нәтижесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |