IV тарау
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
4.1 Конфликтологиялық идеяларға тарихи шолу
Дау-дамай жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуымен қатар да-
мыды десек, қателеспейтiн шығармыз, өйткенi тiршiлiк иесiнiң
сұрыпталып, сақталуы үшiн, тiршiлiк етуiн жалғастыру үшiн
күрес жүргiзуге тура келедi. Алғашқы ғасырлардың өзiнде-ақ
адамзат өмiрiнде болған қақтығыстар мен олардың шешiлу жол-
дары жайлы көп толғанған. Дау-дамай бұрыннан ғылыми зерт-
теудiң объектiсi болмаса да, оның өзiндiк тарихы бар және кей-
бiр басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне за-
маннан бастау алады. Ежелде жанжалдың пайда болу себебi,
билiк үшiн, тiршiлiк үшiн күрес соғыстары болған.
Қытай ойшылдары (б.з.д. VI-V ғ.) Лао-цзы: барлық тiршiлiк-
тiң дамуы – инь мен янь энергияларының үйлесiмдiлiгiнде деп
тұжырымдаған.
Тарихтан бiзге жеткен ежелгi грек философтарының айтыл-
ған даналықтарын қарастырсақ, антикалық философ Гераклит
(б.з.д. шамамен 530-470) дүниеде барлық заттар, ұғымдар соғыс-
тың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшiн «соғыс –
барлық нәрсенiң патшасы» [ 60].
Платон (шамамен б.з.д. 428-348) соғысты ең ұлы жауыздық
деп санап, соғыссыз өткен кезеңдердi «алтын ғасыр» деп атаған.
Орта ғасырлардағы дау-дамай
Ағылшын материалист-философы Френсис Бэкон (1561-
1626) өзiнiң «Саяси және адамгершiлiк тәжiрибелерi мен нұс-
қаулары» еңбегінде: ауқатты отбасында туылған адамның ең-
бекке деген ынтасы болмайды және ол өзгелердiң ынтасына
225
қызғанышпен қарайды. Адамдар арасында болатын қақтығыстар
санын бiрталай азайтуға болады, тек ол үшiн мемлекет мате-
риалдық жағдайды жақсартып, адамдардың сұраныстарын қам-
тамасыз етiп отыруы қажет деп тұжырымдайды.
Томас Гоббс (1588-1679) 1651 жылы шыққан өзiнiң «Левиа-
фан немесе Материя, мемлекеттiң азаматтық шiркеу формасы
мен билiгi» атты әйгiлi трактатында дау-дамайдың негiзгi үш
себебiн көрсетедi: бәсекелестiк, сенiм бiлдiрмеу, атақ-даңққа
құмарлық.
Жер шарының қай жерiнде болмасын, әрбiр адам әртүрлi
жағдайларда «конфликт» (дау-дамай) деген құбылыспен кезде-
седi. Тiптi бiздiң арамызда ешқашан дау-дамайға түспеген адам
жоқ шығар.
Ғылыми әдебиеттерде «конфликт» (дау-дамай) әртүрлi ма-
ғынада түсiндiрiледi. Бұл терминнiң анықтамасы өте көп.
Жалпы «конфликт» сөзi (conflictus)
латын тiлiнен енген,
тiкелей мағынасы – дау-дамай (қақтығыс). Адамның өмiрi қақ-
тығыссыз өте алмайды, өйткенi адам болған соң өзiнiң пайым-
дауы, өз көзқарасы, өз түсiнiгi болады. Бiр мәселеге екi адам екi
жақтылы қарайды.
Дау-дамай дегенiмiз
қарама-қарсы бағытталған мақсаттар-
дың, мүдделердің, позициялардың, ой-пiкiрлердiң, құндылық-
тардың қақтығысы. Басқа сөзбен айтқанда, дау-дамай екi не
одан да көп индивидтiң немесе топты қарама-қарсы жақтың бел-
гiлi бiр мақсатқа жетуiне, мүдделердің қанағаттандырылуына
әдейi бөгет жасауы немесе оның көзқарасын, әлеуметтiк ұста-
нымын өзгерту үдерісі. Дау-дамайды тудыратын немесе өз ер-
кiнсiз осындай жағдайға тап болатын адамдар мәселенi тез арада
өзiне тиiмдi етiп шешкiсi келедi. Осы жерде дау-дамайды шешу-
дiң жолдары қандай? – деген сауал пайда болады [61].
Әр адам өзiнiң өмiрлiк жинаған машығына байланысты, өз
пайымдауына байланысты кездесiп жатқан дау-дамайды өз көз-
қарасы тұрғысынан шешедi. Адамзат өз тарихында дау-дамай
тудырып, содан соң оны шешуден бiрталай машық жинаған.
Аталған мәселенi зерттеп, оны жинақтау ХХ ғасырдың соңына
қарай жаңа бiр бiлiмнiң саласы – конфликтологияның пайда
болуына ықпалын тигiзедi. Конфликтологияның басты мiндетi –
226
тек танымдық теориялық емес, практикада адамдарға дау-дамай
жағдайларында не iстеу керектiгiн түсiндiрiп беру. «Егер сiздiң
өмiрiңiзде дау-дамай болмаса, қан соғуыңыз бар ма – соны тек-
серiп көрiңiз» дейдi У. Диксон.
Адамның әлеуметтiк ортада өмiр сүруi, әртүрлi әрекет түр-
лерiмен шұғылдануы үнемi қоғамдағы өзге адамдармен тығыз
қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетедi.
Дау-дамай, бiр-бiрiмен ренжiсу әрбiр адамның өзiндiк кiсi-
лiгiн, талап-тiлегiн өзгелердiң мойындап, онымен санасуын та-
лап етуден туады. Осы бағытта әрбiр адам өзiнiң басқа адамдар
алдындағы мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерге бойында-
ғы күш-қуаты мен қабiлетiн көрсеткiсi келедi.
Адамдар арасындағы күнделiктi қарым-қатынаста бiр-бiрiнiң
кем-кетiгi мен мiнезiндегi жағымсыз қылықтарын көзiне айту,
не бөтен адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен
ренiшiн тудырады.
Дау-дамай субъектiсiне оған қатысушы индивидтi, топты
не ұйымды жатқызады. Дау-дамай затына – нақты материалдық
және рухани қорлар, қанағаттандырылмаған қажеттiлiктер, тi-
лектер, өзара әрекеттесу субъектiлерiнiң мүдделері, яғни ол дау-
дамайдың не үшiн пайда болғанын көрсетедi. Дау-дамайлық қа-
тынас деп субъектiлер арасындағы өзара әрекеттесудың форма-
сы мен мазмұнын және дау-дамайдың аяқталу мақсатында олар-
дың (субъектiлердiң) iс-әрекеттерiн атайды.
Дау-дамайлық жағдаят – нақты уақыт мерзiмiнде дау-дамай-
дың дамуы.
Дау-дамайдың себептерiне, қарама-қайшылықтың өрши тү-
суiне, дау-дамайдың пайда болуына әкелген шарттарды, жағдай-
ларды жатқызады.
Әрбiр дау-дамайдың уақытына және кеңiстiгiне байла-
нысты сипаттары бар. Дау-дамайдың кеңiстiк сипатына: дау-да-
майдың пайда болу және көрiну саласы; пайда болу себебi мен
жағдайы; көрiнiстiң нақты формасы; дау-дамайдың нәтижесi;
әдiстерi мен әрекеттерi (субъектiлер қолданатын) жатады. Дау-
дамайдың уақыттық сипатына: дау-дамайдың ұзақтығы, жиiлiгi,
қайталануы, әр субъектiнiң дау-дамайға қатысу мерзiмi және
дау-дамайдың әр даму кезеңiндегi уақыт көрсеткiштерi жатады.
227
Әр дау-дамайдың өзiндiк даму динамикасы бар және ол мына
кезеңдерден тұрады:
дау-дамайға дейiнгi қарым-қатынастар, шешiлмей жатқан
мәселелердiң жиналып көбеюi, қарым-қатынастың кернеулiктерi
болады;
қарама-қайшылықтың өрши түсуi, қарым-қатынаста тұрақ-
ты жағымсыз (негативтi), кейде агрессивтi психологиялық жағ-
дайдың болуы;
дау-дамайлық жағдаят, оқиға, субъектiлер арасында түсi-
нiспеушiлiк және ашық түрдегi дау-дамай;
дау-дамайдың шешiлуi;
дау-дамайдан кейiнгi кезең, дау-дамайға қатысушылар ара-
сындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұны мен сипатының пай-
да болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |