Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет97/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

2-сурет. Ұйымдағы дау-дамайлар 

Кәсіпорын (ұйым) 

Ішкі дау-дамай 

Жеке


Топ ішінде

Топтар


Сыртқы ортамен дау-дамай

Сыртқы орта 




244 

2. Сыртқы ортамен дау-дамай – бұл дау-дамайлар көп жағ-

дайда кәсіпорын басшылары мен иегерлерінің бәсекелестермен, 

клиенттермен,  жеткізушілермен,  өзінің  кәсіподағымен  дау-да-

майлары. 



Дау-дамайлық жағдайлар және дау-дамайлық әрекеттер 

Ұйымдағы дау-дамайлар белгілі  бір дау-дамайлық  жағдайдан 

туындайды,  ол  оның  қатысушыларының  тікелей  соқтығысуына 

дейін ұзақ уақыт болуы мүмкін. Дау-дамайлық жағдай ұғымы дау-

дамай  ұғымымен  сәйкес  келмейді,  өйткені  алғышартты  сипат-

тайды, нақты дау-дамай туындауы үшін, сондай-ақ тараптардың өз 

мүдделерін қорғау бойынша нақты әрекеттерге негіз болады.  

Дау-дамайлы  жағдайларда  адамдардың  әлеуметтік-эконо-

микалық, адамгершілік және басқа да қарым-қатынастары шие-

ленісіп жатады.  

Ұйымдағы  дау-дамайлық  жағдайға  неғұрлым  тән  белгілер 

мыналар: 

– тұлғаның  ар-намысын  ресми  және  ресми  емес  жағдайда

төмендету; 

– тікелей басшылардың нұсқауларын, өкімдерін орындаудан

жалтаруы; 

– ұжым мүшесіне қатысты жағымсыз сөздер айту, тіл тигізіп

немесе күш көрсетіп қорлау

– жекелеген  қызметкерлердің  тұйықтығы,  немқұрайлы-

лығы, жалғызсырауы, жабырқауы. 

Дау-дамайлық  жағдай  екі  тарап  та  әрекет  еткенде  ғана  дау-

дамайға ұласады. Мұндай әрекеттер мыналар:  

1) ішкі мінез-құлықтық актілер және 2) қарама-қарсы тарап-

тың өзіне қарсы деп танылған әрекеттері.  



Дау-дамайлық әрекеттер – бұл қарама-қарсы тарапқа өзінің 

мақсатына жетуге тура немесе жанама кедергі келтіруге бағыт-

талған  әрекеттер.  Олар  дау-дамайдың  өзінің  өту  фонын  күрт 

ушықтырады:  дау-дамайды  күрделендіруі,  оның  эскалациясына 

тенденция туындатуы мүмкін.  

Ұйымда дау-дамайдың пайда болуына ықпал ететін жағдай-

лар мыналар: 



245 

 

−  еңбек  ұжымдарында  сақталатын  жағымсыз  салттар  мен 



дәстүрлер; 

−  басшының  қарамағындағы  қызметкерге  сенімсіздігі  (ол 

қарамағындағы қызметкердің өзінің міндеттерін орындау бары-

сында тым артық қамқорлығынан көрінуі мүмкін); 

−  ұжымның  бір  мүшесінің  екіншісіне  алдын  ала  теріс  түсі-

нілген жағымсыз қатынасы; 

−  адамдарға тым артық шыдамдылық танытудан байқалатын 

жұмсақтық қатынас пен бәрін кешірушілік; 

−  ұйымдарда басшының тым жоғары талап қоюына наразы-

лық  білдіруінен,  тұлғааралық  антипатияның  байқалуынан  көрі-

нетін  дисфункционалдылықпен  сипатталатын  ресми  емес  мик-

ротоптардың болуы.  

Бұл  мейлінше  жоғары  шағын  өндірістік  топтарда,  бригада-

ларда, звеноларда, ауысымдарда және т.с.с. байқалады, яғни, ма-

териалдық  құндылықтар  жасалатын,  өндірістің  негізгі  мәселе-

лері шешілетін орындарда болады.  

Дау-дамай іс жүзінде барлық жерде көрініп тұрады, өйткені, 

сырттай  байқалады:  ұжымдағы  шиеленістің  жоғары  деңгейі; 

жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі – соның салдары ретінде өн-

дірістік  және  қаржылық  көрсеткіштердің,  жеткізушілермен,  са-

тып  алушылармен  өзара  қарым-қатынастың  төмендеуі  және  

т.б. 

Ұйымдағы  дау-дамайлар  адамдардың  мүдделердің,  мінез-



құлық нормаларының, құндылықтарының қайшылығынан туын-

даған  қарама-қайшылық  нәтижесі  болып  табылады.  Олардың 

арасынан,  ең  алдымен,  қарама-қайшылықтардың  мынадай  ти-

пін  бөліп  алуға  болады:  ұйымдастыру,  өндірістік,  іскерлік,  ин-

новациялық. 

Осыған сәйкес ұйымдағы дау-дамайдың негізгі типтерін атап 

көрсетуге болады: 

−  ұйымдастыру; 

−  өндірістік; 

−  еңбек; 

−  инновациялық. 

 

 



246 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет