Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет198/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   677
ӘЛЖАНОВ Отыншы (1873. бұрынғы Семей обл. Зайсан уезі, Нарын болысы - 1918. Семей обл. 
Мақаншы  кенті)  -  қоғам  қайраткері.  Алашорда  үкіметінің  мүшесі,  ағартушы,  фольклоршы.  Ә. 
Зайсандағы  орыс-қазақ  уч-щесін  (1887),  Омбының  қазақ-орыс  гимназиясын  (1890),  Омбы 
мұғалімдер  семинариясын  (1894)  бітірген.  Дала  ген.-губ.  кеңесініңің  жүргізушісі  (1894  -  95), 
Ақмола  обл.  сотының  тілмашы  (1895  -  1907),  Көкпекті  қ-ндағы  орыс-қазақ  уч-щесінің 
меңгерушісі (1907 - 09) болған. Ресей өкіметінің отарлау саясатына қарсьшық көрсеткені үшін Ә. 5 
жылға  Жетісу  обл.  Лепсі  уезіне  жер  аударылған.  1917ж.  Ақпан  төңкерісінен  кейін  Ә.  Жетісу 
обл-ндағы Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі болған. Ол уез-дік, обл., жалпықазақ съездеріне 
түгелдей қатысып, II Жалпықазақ съезінде (Орынбор. 1917. 5 - 13.12) Алашорда үкіметіне мүше 
болып  сайланды.  Жетісуда  құрылған  Алаш  әскерінің  қолбасшысы  болып,  большевиктерге  қарсы 
соғысқан.  Қызылдардың  қолынан  қаза  тапқан.  Кеңес  өкіметі  оның  ұрпақтарын  қырғынға 
ұшыратқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет