Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет2/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   677
АБАЙДЫҢ  ЖИДЕБАЙДАҒЬІ  ҚОНЫСЫ,  Жидебай  қорығы  -  Қарауыл  өз-нің 
жайылмасында  жатқан  қалың  қорық,  шұрайлы  жер.  Жидебайды  18  ғ-дың  80-жылдары  мен  19 
ғ-дың  50-жылдары  шамасында  тобықты  руының  Мамай,  Жігітек  аталары  қоныс  еткен.  Ал  19 
ғ-дың ортасына таман Жидебай, Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды Абайдың 
әкесі  Құнанбай  Өскенбайұлы  (1804-1885)  иемденіп,  қыстау  салдырған.  1850  ж.  Құнанбай 
Жидебайдың солтүстігіне қарай он бес шақырым жердегі күзеуден, Ескітам деген қонысқа жиырма 
балаға  арналған  медресе  салдырып,  өзінің  және  туыстарының  балаларын  оқытқан.  Абай  сегіз 
жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан. 1880 ж. Абай Жидебайда өз қаражатымен 
жаңадан  медресе  салдыртқан.  1885  -  92  ж.  аралығында  Жидебай  қонысы  Құнанбайдың 
Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның еншісіне тиген. 1892 ж. ескіше 1 мамырда інісі Оспан 
дүние  салған  соң,  Абай  осы  қонысты  тұрақты  қыстау  еткен.  Жидебай  20  ғ-дың  соңында 
тарихи-мемориалдық,  эколог.  қорыққа  айналды.  1990  ж.  Қазақстан  үкіметінің  қаулысымен 
Жидебай  қорығының  жалпы  аумағы  64  км  болып  белгіленді.  Мемлекет  қарауына  алынған 
қорық  құрамына  енген  тарихи  елді  мекендер,  қыстаулар,  зираттар,  көл-сулар  мен  көгалды 
алқап, төбе-шоқылар респ. маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемлекет қорғауына 
алынды. Қорық құрамына жай үйі, Абай - Оспан және Шәкерім - Ахат ескерткіштер кешені, 
Зере,  Ұлжан,  Құдайберді,  Ғабитхан  молда,  Шәукенбай,  Еркежан  бейіті  басындағы  белгілер, 
Кеңгірбай бидің бейіті, Құнанбай құдығы, Оспан көлі, Мұсақұл төбесі, Махмұт қорасы, Орыс 
қорасы,  Зұлғарыш  қорасы,  Ырыздыбай  қорасы,  Тұрағұл  қорасы  енеді.  Жоғарыда  аталған 
тарихи-мәдени  ескерткіштердің  барлығы  да  ұлы  ақынның  150  жылдық  мерейтойы 
қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет