Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет677/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   677
ИСМАҚОВА Айгүл Серікқызы (24.3.1958 ж.т., Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. Атасу а.) - ғалым, 
филол. ғыл. докт. (1998). Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын бітірген (1980). 1980 ж. Әдебиет және 
өнер ин-тының аға лаборанты, Мәскеудегі Әдебиет ин-тында тәжірибеден өтеді. 1982 - 85 ж. осы 
бөлімнің аспиранты. 1985 - 2002 ж. Әдебиет және өнер ин-тының әдебиет теориясы бөлімінің ғыл. 


қызметкері, аға ғыл. қызметкері, 2002 жылдан ин-тта бөлім меңгерушісі. 
 
ИСРАИЛОВ  Нұр  (1.1.1910,  Алматы  обл.  Еңбекшіқазақ  ауд.  Бірлік  а.  -1953)  -ақын,  прозаик. 
1926ж.Ташкенттегі  аз  ұлттар  үшін  ашылған  оқу  орнын  (1932).  Өзбекстан  ғыл.-зерт.  ин-тының 
аспирантурасын (1935) бітірген. Тұңғыш өлеңдер жинағы "Таң жырлары" 1931 ж. жарық көрген. 
1932 - 37 ж. "Иірім", "Жаңа жырлар", "Төменнен жоғарыға", "Жас лениншілдер", "Ризвангүл" өлең 
жинақтары.  "Абақтыдан",  "Күндер",  "Қызыл  ту"  повестері  басылып  шыққан.  И.  -  алғашқы  ұйғыр 
оқулықтарының авторы.   
 
ИССА (Исабаев) Сая (9.8.1956 ж т.. Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Георгиевка с.)  - жазушы. 
Семей пед. ин-тын бітірген. Мектепте мұғалім болған. Шығ. Қазақстан обл. " Иртыш" газетінде. 
"Советы  Казахстана"  газетінде,  "Простор"  журналы  бас  редакторының  орынбасары  қызметтерін 
атқарған.  Алғашқы  әңгімесі  ауд.  газетте  1984  ж.  жарияланған.  1986  ж.  "Жігер"  жастар  шығарм. 
фестиваліне қатысқан. 
 
ИТАЛМАС  Тұнғатаров  (1854.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Алғабас  ауд.  "Шалдар"а.  "Қызыл  көпір" 
бөлімшесі  -1919,  сонда)  -  ақын.  Шығармалары  жинақталып  жарияланбаған.  "1916  жыл  туралы", 
"Түйемен  айтысқаны"  (1918),  "Қалбыр  болысқа",  "Елеусізге  айтқаны"  (1919),  "Түйесін  іздеп  жар 
салғаны",  т.б.  шығармалары,  өзі  жырлап  айтып  жүрген  "Шора  батыр",  "Қамбар  батыр", 
"Шылым-Шеризат", т.б. қисса-дастандары Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы.   
 
ИТАЯҚОВ  Омарқұл  (1896.  Алматы  обл.  Қаскелең  ауд.  -  1944)  -  ақын.  1930  -  35  ж.  ұжымшарда 
өндіріс  бригадирі.  1935  -41  ж.  басқарма  төрағасы  қызметтерін  атқарған.  И-тың  ақындығын  паш 
еткен  Тәбиямен  айтысы  (1916)  жинақтарда  ("Айтыс",  1942.  1965)  жарияланған.  Мұнда  әлеум. 
теңсіздік. феодалдық қоғамның кесір-қырсықтары әшкереленеді. Ол Тәбияның ақындығын жоғары 
бағалайды. Бұл -Біржан мен Сараның айтысынан кейінгі әлеум. сарыны өткір. көркем айтыстардың 
бірі. И-тың өзге шығармалары белгісіз.   
 
ИТЕМБАЕВ Нұрғали (1888, Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Керегетас а. - 1936. сонда) - ақын. Ауыл 
молдасынан оқып хат таныған. Жиырма бес жасында Арқаға аты мәлім Қонысбай ақынмен айтысқан. 
"Әйел  теңдігі  туралы",  "Оқыңдар  жасың,  кәріңде",  т.б.  өлең-жырлары  бар.  1920  -  30  ж. 
Т.Қалмағанбетовпен,  Т.Ізтілеуовпен,  Жеңсікбай  ақынмен  айтысқан.  Н.төкпе  ақындығымен қатар 
асқақ әнші, шебер күйші болған.   
 
ИТЕШ Кішкейұлы (1825. Шығ. Қазақстан обл. Аягөз ауд. - 1905. сонда) - шешен. Керей руының 
көсе тармағынан шыққан. И. бұрынғы Ақшәулі болысына қарасты тоғыз старшын ауылды басқарған 
би болған. Сөз-сайыс, билік-тартыста И. ешбір биге дес бермеген. И. Тайлақ Төремен жиі кездесіп, 
екеуі ұзақ айтысатын болған. Екеуінің шешендік сөз сайысын жұрт әдейі іздеп барып тыңдаған. И. ел 
арасындағы түрлі даулы мәселелердің әділ шешілуіне қатысып, төрелік айтқан. Ел аузында И-тің 
шешендік сөздері көп сақталған. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет