Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет242/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   677
ӘУЕЗОВТАНУ  -  М.Әуезовтың  өмірі  мен  шығармашылығын,  қайраткерлік  және  ұстаздық 
қызметін, ұлы суреткердің әдеби және мәдени мұрасына қатысты басқа да мәселелерді зерттейтін 
қазақ  әдебиеттану  ғылымының  бір  саласы.  М.Әуезовтің  шығарм-ғы  жайлы  тұңғыш  пікір 
"Сарыарқада"  (1917.  №2)  шыққан  "Талап  азаматының",  "Еңлік - Кебек" пьесасының  алғаш  рет 
қойылуы жайлы жазылған "Игілікті іс" хабары. Ә-дың қалыптасу кезеңі 1917 - 27 ж. аралығын 
қамтиды.  Бұл  Әуезовтің  зерттеу  мақалалары,  алғашқы  әңгімелері,  драм.  шығармалары    жарық 


көріп, драматург, прозашы. публицист және қоғам қайраткері ретінде танылып, бірегей дарын 
екенін  байқатқан  кезі.  Осы  кезеңде  "Еңлік  -  Кебек"  пьесасы  туралы  С.Мұқановтың  ("Тілші", 
2.10.1925). Мұстафаның ("Еңбекші қазақ". 18.03.1928), "Бәйбіше - тоқал" хақындағы Даниалдың 
("Ақ  жол".  23.12.1923;  "Сана"  1924,  №  2-3),  Ғ.Сағдидың  ("Ақ  жол".  16.12.1923),  Смағұлдың 
("Еңбекші  қазақ".  31.01.1926),  т.б.  мақалалары  жарияланды.  Бұл  кезеңде  Әуезовтің  драм. 
шығармаларының  қойылымдары  туралы  мақалалар  көп  жазылды.  Мыс..  1917  -  40  ж.  Әуезов 
шығармаларына  қатысты  жазылған  140-тан  астам  мақалалардың  бәрі  дерлік  оның  драм. 
шығармаларын талдауға арналған. Ә-дың екінші кезеңі Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы 
мен абайтану саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты. "Абай" романының жарық көруіне орай 
(1942),  бұл  шығарманы  қазақ  әдебиетінің  зор  табысы  деп  бағалаған  Б.Кенжебаевтың, 
Е.Ысмайыловтың,  Т.Нұртазиннің,  Ғ.Мүсіреповтің,  т.б.  пікірлері  жарияланды.  Романның  екінші 
кітабы  жарық  көрген  соң  (1947),  одақгық  мерзімді  басылымдарда  В.Жирмунскийдің, 
Л.Климовичтің,  З.Кедринаның,  М.Фетисовтың,  П.Скосыревтің. т.б. мақалалары басылды. 1957  ж. 
"Абай жолына" арналған ғыл.-шығарм. конференция өтіп, оның материалдары "Қазақтың тұңғыш 
эпопеясы" деген атпен жеке кітап болып шықты. Ә-дың үішнші кезеңі Әуезовтің шығармалары 
әлемге  танымал  болып,  жан-жақты  зерттеу  обьектісіне  айналған  кезден  басталады.  Бұл  кезеңде 
"Абай  жолы"  эпопеясы  туралы  М.Қаратаев,  З.Қабдолов,  З.Ахметов,  А.Нұрқатов,  З.Кедрина, 
Ы.Дүйсенбаев,  Е.Лизунова,  Р.Бердібаев,  Л.Әуезова,  т.б.  ғалымдар  өз  моногр.  зерттеулерін 
жариялады.  Қазақ  және  шетел  тілдерінде  көптеген  зерттеулер  жарық  көрді.  Әуезов 
драматургиясынан  кандидаттық,  докторлық  дисслар  қорғалып,  көлемді  моногр.  зерттеу 
жұмыстары  жазылды  (Р.Нұрғалиев,  Б.Құндақбаев,  А.Тоқпанов,  С.Ордалиев).  Әуезовтің 
дүниетанымы  мен  филос.  көзқарасы  (Ә.Нысанбаев,  АТайжанов),  қазақ  әдеби  тілін  байытудағы 
орасан  зор  еңбегі  (Ж.Жанпейісов,  М.Балақаев.  Е.Бектұрғанов,  Р.Сыздықова.  т.б.).  психол.,  пед., 
эстет. ойлары (Қ.Жарықбаев, Қ.Еспаев. АТайжанов), көсемсөзі (Қ.Сыздықов),    құқықтық танымы 
(Т.Күлекеев)  жөніңде  іргелі  зерттеулер  жарық  көрді.  Әуезовтің  абайтану,  фольклортану,  қазақ 
әдебиеті  тарихы  саласында  жазған  ғыл.  еңбектері  қайта  басылып,  зерттеушілер  назарын  өзіне 
аударумен келеді. Ғұлама ғалымның қазақ ауыз әдебиеті, "Манас" эпосы, абайтану    жөніндегі ғыл. 
зертгеулері  туралы  моногр.  еңбектер  жазылды.  жүздеген  мақала,    зерттеулер  жарияланды. 
Әуезовтің  әдеби  мұрасын  толық  қамтып,  әлем  жұртшылығына  таныту  мақсатында  күрделі 
ғыл.-зерттеу  жұмыстары (естеліктер  жариялау,  жазушының  эпитолярлық  мұрасын  жинақтау,  әр 
салалы  библиогр.  көрсеткіштер  даярлау,  шығармаларын  шет  ел  тілдеріне  аудару)  жүргізіліп, 
көптеген  игі  істер  тындырылды.  "Мұхтар  Әуезовтің  қолжазба  мұрасы"  (А.,1997),  "Мұхтар 
Әуезовтің  өмірі  мен  шығармаларының  шежіресі"  (А„  1997)  деп  аталатын  ұжымдық  еңбектер 
жарық көрді. Жазушының  алты  томдық  (1957),  он  екі  томдық  (1967),  жиырматомдық  (1987) 
шығармалар жинағы жарияланып, елу томдық толық шығармалар жинағын шығару қолға алынды 
(1997). М.Әуезовтің шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет