Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет340/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   677
''БӨГЕН  БАТЫР"  батырлық  жыр. Жырды  І.Нұрмағамбетов  1930 ж. ел аузынан жазып 
алып, 1935 ж. қазіргі Әдебиет және өнер ин-тына тапсырған. Жырдың негізгі идеясы - халық 
арасынан шыққан Бөген мен оның ұлы Тұрғын батырларды ел қамқоры, қорғаны етіп көрсету. 
Жыр  екі  томдық  "Батырлар  жырының"  2-томына  енген  (1951).  Жыр  нұсқасы  Орт.  ғыл. 
кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.   
 
БӨДЕШЕВ Жәркен (15.5.1944 ж. т., ҚХР. Тарбағатай аймағы. Толы ауд. Төлеңгіта.) - ақын. 
Шыңжаң ун-тін (1966). ҚазҰУ-ды (1980) бітірген. 1969 ж. Қазақстанға қоныс аударған. 1976 - 
84  ж.  Қазақстанның  Кітап  палатасында  аға  редакторлық  қызмет  атқарған.  Қазір  Дүниежүзі 
қазақтары  қауымдастығында  бөлім  меңгеруші.  Тұңғыш  жыр  жинағы  "Орақ  пен  балға"  1978  ж. 
жарық  көрген.  Онға  жуық  жыр  жинақтарының  авторы,  Халықар.  "Алаш"  әдеби  сыйл.  иегері, 
"Парасат" орденімен марапатталған. 
БӨЖЕЕВ Мұратбек (20.3.1910, Шығ. Қазақстан обл. Шұбартау ауд. №1а. - 4.11.1980. Алматы) - 
ғалым,  филол.  ғыл.докт.  (1973).  Семей  пед.  техникумын  (1925).  Мәскеу  пед.  ин-тын  (1932) 
бітірген.  1934  -41  ж.  ҚазҰПУ  мен  ҚазҰУ-да  оқытушы,  сонымен  бірге  КСРО  ҒА  Қазақ 
филиалының кіші ғыл. қызметкері. 1957 - 62 ж. Тіл және әдебиет ин-тының кіші ғыл. қызметкері, 
1962  -  74  ж.  М.Әуезовтің  әдеби-мемориалдық  мұражайында  аға  ғыл.  қызметкер.  1974  -  80  ж. 
Әдебиет және өнер ин-тының ғыл. қызметкері болып қызмет істеген. М.Әуезовтің 12 томдық шығ. 
жинағын дайындауға. ғыл. түсініктерін жазуға ат салысқан. "Құрмет белгісі" орденімен, "Еңбектегі 
ерлігі үшш" медалімен марапатталған. 
БӨКЕЕВ Шәңгерей Сейіткерейұлы (1847. Бат. Қазақстан обл. Орда қ.- 1920. Бат. Қазақстан обл. 
Ақбақай  елді  мекені)  -  ақын.  Ерте  жетім  қалып,  ағаларының  қамқорлығымен  білім  алған. 
Астрахан гимназиясында. Орынбор кадет корпусында оқыған. Өлеңдері "Шайыр", "Көкселдір" 
(1911  -  12),  "Жиырма  үш  жоқтау"  (1926)  жинақтарына,  "Үш  ғасыр  жырлайды",  "Бес  ғасыр 
жырлайды"  топтамаларына  енген.  Жеке  жинағы  19-34  ж.  жарық  көрген.  Б.  -  классик,  шығыс 
әдебиетінен, еуропа, орыс әдебиетінен сусындап, қазақтың суырыпсалма поэзиясы дәстүрін жазба 
әдебиетке ұластырған білімдар ақын. "Өмірдің өтуі", "Ғылым", "Эдисон", т.б. өлеңдерінің авторы. 
Б. ел аузындағы әдеби мұраларды жинап, оның басылып шығуына қамқорлық жасаған. Оралда 
"Қазақстан" газетін шығаруға үлкен үлес қосқан. М.Ю. Лермонтовтың "Қашқьш" поэмасын, т.б. 
орыс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет