Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет37/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   677
"АЙСАҰЛЫ ӘМЕТ" - көне аңыз. Аңыз кейіпкері Айсаұлы Әмет жас кезінде Ажын Орда ханы 
Жәнібектің қарамағында қызмет істеп, кейін оған бағынбай қырға шығып кетеді. Аңызда "Жәнібек 
хан аңға шыққанда Әмет оның қызын алып қашады. Хан аңнан оралған соң болған оқиғаны біліп, 
қыз бен  жігітті іздетеді, бірақ таба алмайды. Екі жыл  өткен  соң, қыз жүкті болып әкесіне  хабар 
береді. Жәнібек Алау бастаған үш жүз кісіні қырға жібереді. Олар қайтпай сонда тұрып қалады. 
Жәнібек  өлген  соң,  Әмет  Бердібекке  келіп  қосылады.  Ханның  жарты  жұртын  билейді".  Халық 
жадында  сақталған  бұл  аңызды  Орынбордағы  Неплюев  корпусының  оқытушысы  С.Кукляшев 
жазып  алған.  Осыған  ұқсас  аңыз  Қадырғали  Жалайырдың  "Жами  ат-тауарих"  кітабында  да 
кездеседі.  Мұнда.  Әмет  пен  Сәмет  хандар  ретінде  баяндалады.  14  ғ-дың  2-жартысында  Ақсақ 
Темірмен жауласып жүрген кезде екеуі де қаза табады. 
 


АЙТБАЕВ  Мәжит.  Қ  о  б  ы  з  ш  ы    Қорқыт  (1914.  Қызылорда  обл.  Қармақшы  ауд.  -  1945. 
Германия, Дрезден қ.) - ақын. ҚазПИ-ді бітірген. 1937 - 39 ж. Қызылорда пед. ин-тында оқытушы, 
студенттер  даярлау  курсының  бастығы.  Қазақстан  Жазушылар  одағының  Қызылорда  обл. 
бойынша өкілі қызметтерін атқарды. Өлеңдері мен әңгімелері мерзімдік баспасөзде, жинақтарда 
жарияланып  тұрды.  Көркем  аудармамен  де  айналысты.  1939  ж.  А.  әскерге  алынып,  КСРО-ның 
батыс  шекарасында  қызмет  атқарды.  1941  ж.  жау  қолына  тұтқынға  түседі.  Германияда 
"Түркістан  ұлттық  бірлік  комитетіне"  мүше  болып  "Жаңа  Түркістан",  "Милли  Түркістан" 
газеттерін  шығарысқан,  "Милли  әдебиет"  альманағының  бас  редакторы  болған.  Шығармаларын 
Қобызшы Қорқыт деген бүркеншік атпен жазған. 1943 ж. Берлинде "Абылай хан" атты өлеңдер 
жинағы  жарық  көрді.  Оған  екі  дастан,  үш  баллада,  төрт  ән,  41  өлеңі  енген.  Бұл  жинақ  1971  ж. 
Мюнхенде  қайта  басылды  "Милли  әдебиеттің"  бір  саны  түгел  А-тың  30  жылдығына  арналды. 
"Абылай хан" жинағындағы өлеңінің бәрі, "Милли Түркістан", "Милли әдебиеттен" табылған 30 
шақты жыры 1991-95 ж. Қазақстанда жарияланды. А. 1945 ж. Дрезденде бомба жарқыншағы тиіп 
дүние салған.   
 
АЙТБАЙ (1830. Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд. - 1916. сонда) - әнші, сазгер, ақын. "Айтбай", 
"Кәлләм", "Перизат", "Раушан", т.б. әндерін музыка зерттеуші А.В. Затаевич ақынның балаларынан 
жазып алып нотаға түсірген. Е.Г.  Брусиловский  А-дың  "Раушан"  әнін "Қыз Жібек"  операсында 
пайдаланды.   
 
АЙТБАЙ  (Айтмұхамет)  Белгібайұлы  (1887.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Отырар  ауд.  Тартоған  а.- 
11.11.1961. Оңт. Қазақстан обл. Маяқұм а.) -ақын. жырау. 1901 ж-дан бастап Түркістан маңындағы 
Қарнақта (Атабай). кейін Бұхара медресесінде оқып. араб және парсы тілдерін үйренеді. Ташкент. 
Түркістан  қ-нда.  Балтакөл,  Ақынтоғай  а-нда  ұстаздық  еткен.  Молда  Мұса,  Майлықожа,  Мәделі, 
Шәді Төре, Қызыл жырау, Кұлыншақ сияқты ақындармен бірге жүріп, өзі де өлеңдер, дастандар 
жазады. Туған жер, өскен ел, заман туралы "Үш мұңлық", "Қоқаннан қашқан Нар бота", "Тазша 
бала", "Қызылқұм", "Шәуілдір", "Туған жермен қоштасу". т.б. өлең жырлар шығарды. "Арманда 
Айтбай"(1926).  "Қажымұқан",  "Сейітқасым  батыр",  "Темірбек  батыр"  сияқты  дастандары  бар. 
А.Мәлике қыз, Жәмила қыз (1913), Орынбай, Елеусіз, Мақан (1943), Желеу (1955), Көпбай, т.б. 
ақындармен  айтысқан.  1943  ж.  Жамбыл  бастаған  республикалық  ақындар  айтысына  қатысты. 
1958 жылға дейінгі айтыстарға белсене араласты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет