Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет139/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   677
АХТАНОВ Тахауи (25.10.1923. Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Шетырғыз а - 25.9.1994. Алматы) - 
жазушы, драматург. Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқып 
жүріп, 2-дүниежүз. соғысқа аттанған (1941). Әскер қатарынан басыған соң, 1948- 51ж. Қазақ 
мемл.  біріккен  баспасында  редактор,  бөлім  меңгерушісі.  1951-  53  ж,  "Қазақфильм" 
киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы, 1953 - 54 ж. "Әдебиет және искусство" (қазіргі 


"Жұлдыз") журналының редакгоры, 1954  - 55 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 
жауапты хатшысы, 1955 -57 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды обл. бөлімшесінің 
жауапты хатшысы, 1957- 58 ж. Қазақстан Мин. Кеңесі жанындағы көркемөнер басқармасының 
бастығы, 1971 - 72 ж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы, 1975 - 84 ж. Қазақстан мемл. кітап 
палатасының  директоры  қызметтерін  атқарған.  Алғашқы  өлеңдері  майдандық  газеттерде 
жарияланып,  соғыстан  кейін  баспадан  шыққан  "Жастар  дауысы"  атты  ұжымдық  жинағына 
енген. Қаламгердің алғашқы әдеби-сын мақалалары мен монограф. зертгеу еңбегі және кітап 
болып шыққан. А-тың өнімді еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия. Баспасөз бетінде 
алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 ж. "Қаһарлы күндер" романы жарық көрді. 
Бұл  роман  бірнеше  рет  қайта  жарияланып,  орыс,  неміс,  т.б.  халықтар  тіліне  аударылды. 
Жазушының "Махаббат мұңы" (1960), "Дала сыры" (1963) кітаптары, "Боран" (1966), "Шырағың 
сөнбесін"  (1973)  романдары,  "Таңдамалы  шығармалары"  (1974),  5  томдық  шығ.  жинағы  (1985) 
жарық көрді. "Боран" романы үшін 1966 ж. Қазақстанның Мемл. сыйлығы берілді. Бұл роман орыс. 
өзбек. қырғыз, тәжік, түрікмен, грузин, армян, әзербайжан, түрік, украин, беларусь, т.б. тілдерге 
аударылды.  А-тың  көптеген  драмалық  шығармалары  "Сәуле",  "Боран",  "Күтпеген  кездесу", 
"Махаббат мұңы", "Әке мен бала", "Ант", "Жоғалған дос", "Күшік күйеу" пьесалары да казақ театрлары 
сахналарында бірнеше рет қойылды. Жазушының "Ғабит Мүсірепов" (1969), "Көкейкесті" (1980) 
кітаптарында әдеби процесс хақындағы ой-толғаныстары топтастырылған. Ол орыс жазушылары 
А.С.  Пушкиннің  "Алтын  әтеш  туралы  ертегісін",  А.Толстойдың  "Азапты  сапарда"  трилогиясын, 
С.Бабаевскийдің  "Алтын  жұлдызды  жігіт"  романын,  И.С.  Тургеневтің,  А.М.  Горькийдің 
әңгімелерін  қазақ  тіліне  аударды.  1-  және  2-дәрежелі  Отан  соғысы,  Еңбек  Қызыл  Ту  (1970), 
Халықгар  Достығы  (1983).  "Құрмет  белгісі"  ордендерімен,  2  мәрте"  Қызыл  Жұлдыз"орденімен 
марапатталған.  В.Пикуль  атынд.  халықар.  әдеби  сыйл.  (І993),  М.Әуезов  атынд.  Қазақ 
ПЕН-клубының сыйл. (1995) иегері. 
АШИРОВ Ахметжан Ақсупиұлы (20.8.1938 ж.т.. Алматы обл. Шелек ауд. Малыбай а.) - жазушы, 
драматург. Қазақ мемл. ун-тін бітірген (1961). Қазақ радиосында диктор (1961 -70), "Коммунизм 
туғи" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы (1970 - 79). Қазақстан Жазушылар одағында 
әдеби  кеңесші  (1982  -  86)  қызметтерін  атқарған  Алғашқы  әңгімелері  "Таңғы  самал",  "Қилы 
адамдар" жинақтарында жарияланған. Алғашқы повесі "Осылай өмір сүргім келеді" аталатын 1965 
ж.  жарық  көрген.  "Мұны  ұмытуға  болмайды"  (1969),  "Солмайтын  гүл"  (1977)  повестер  мен 
әңгімелер  жинақтары,  "Жалғыз  жалбыз"  романы  (1987)  жарияланған.  "Өлмейтіндер"(1973), 
"Муқамшы" (1979), "Дихан" (1984), "Жылпос" (1987) пьесалары Ұйғыр муз. комедия театрында 
қойылды.  Қ.Шаңғытбаевтың  "Ой,  жігіттер-ай"  комедиясын,  Г.Лорканың  "Қанды  құдалық" 
пьесасын ұйғыр тіліне (1970) тәржімалаған. "Еңбектегі ерлігі үшін" және "Астана" медальдарымен, 
Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет