ӘБДІРАЗАҚ Білісбек (30.12.1968 ж.т., ҚХР, Күнес ауд. Шалкөде деген жер) - ақын.
Шыңжаңдағы Іле пед. ин-тын бітірген (1990). 1990 - 99 ж. сол өлкедегі Қазақауыз әдебиеті
зерттеу қоғамында іс жүргізуші, жауапты хатшы міндеттерін атқарған. 1999 ж. Қазақстанға қоныс
аударған. "Мен жалындап өтемін" жыр жинағының авторы.
ӘБДІРАЗАҚОВ Байжігіт(12.4.1928. Қызылорда обл. Қазалы ауд. Үрмәш Түктібаева - 2.8.1995.
Қызылорда қ.)- жазушы. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1987). Қазалы пед.
уч-щесін (1946). ҚазҰУ-ды (1959) бітірген. 1946-54 ж. ауылдық мектеп, 1959 - 64 ж. Қазалы ауд.
"Социалистік жол" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы. Қызылорда обл. "Ленин жолы"
(қазіргі "Сыр бойы") газетінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі. 1964 - 90 ж. "Социалистік
Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Қызылорда обл-ндағы меншікті тілшісі
қызметтерін атқарған. Тұңғыш кітабы "Армандастар" 1968 ж. жарық көрген. "Жаңару" (1970).
"Дала жұлдыздары" (1970), "Серпіліс" (1975), "Сыр саздары" (1980), "Дән зергерлері" (1983),
"Рухы күштілер" (1983), "Сыр саңлақтары" (1985), "Дала толғауы" (1990), "Сандалкөк" (1975), т.б.
кітаптардың авторы.