АБДУЛХАЙ Мұхаммади (1901. Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Байсейіта. - 1937) - ақын.
1919-26 ж. Ташкент, Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып, Орта Азия ун-тінде оқытушы
болған. Ұйғыр балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Өлеңдері 20 ғ-дың
20-жылдарынан жариялана бастаған. "Балаларға сыйлық" (1934, Н.Исраиловпен бірге), "Жас
гүлдер" (1935) жинақтары жарық көрген. "Революцияшыл Шығыс" альманағын басқара жүріп,
А.Розыбакиевпен бірге "Алғашқы адым" жинағын шығарған.