Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет18/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   677
АБСТРАКЦИОНИЗМ  (лат.  abstractio  -  дерексіздік)  -  әдебиетте,  кескін  мен  мүсін  өнерінде  20 
ғасырдың  басында  пайда  болған  ағым.  Абстракциялау  -  жалпылану,  белгісіздену  ұғымдарын 
білдіреді.   
 
АБЫЗ дәстүрлі көшпелілер қоғамындағы ғұлама, әулие, көріпкел адам. А. тайпа, ұлыс өміріне, ел 
басқару  ісіне,  жорық  жасау  мәселесіне  араласып  отырған  саяси  тұлға  болған.  Бақсылар  мен 
шамандардан гөрі өзгеше қызмет атқарған, әскери ырымдарды жүзеге асырған, жортуыл сәуегейі 
болған. Шәкерімнің "Еңлік-Кебек" дастанында Нысан Абыз дәстүрлі қазақ қоғамындағы әулие адам 
тұлғасында сипатталады. 
 
АБЫЛ Тілеуұлы (1777. Маңғыстау - 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) - ақын. Әкесінің есімі Тілеу, 
атасының  есімі  -  Өтембет.  Ақын  жырлары  Қарақалпақстан,  Түрікменстан,  Иран,  Ауғанстан, 
Түркиядағы  қазақтардың  арасына  кеңінен  таралған.  Шығармаларының  арқауы  адамгершілік, 
ерлік,  елдікті  дәріптеу.  Хиуа  ханына  қарсы  соғысқан  қазақ  батырларын  жырға  қосқан. 
"Сексеннің біз де келдік жетеуіне", "Отырған қарсы алдымда Қанымайым", "Қар жауар күн-түн 
оның  қабағынан",  "Сүйінқараны  жоқтау",  "Құлбарақ  батырға",  "Арғымақ  атта  сын  болмас", 
"Естірту",  "Кәрілік"  т.б.  толғаулары  -  өмір  мәнін,  сырын  бейнелейтін  өсиетті,  өнегелі  жырлар.  А 
сонымен  қатар  айтыс  өнерінің  де  шебері  болған.  Оның  "Балдай  қызбен  айтысы",  "Нұрымды 
сынауы",  "Сушы  қызбен  сөз  жарыстыруы",  "Шерниязбен  кездесуі"  сияқты  айтыстары  бар.  Ол 


"Қырымның қырық батыры" дастандарын да жырлаған. Алғаш баспасөзде жарияланған толғауы - 
"Арғымақ  атта  сын  болмас"  (1924.  Ташкент.  "Сана"  №  2.  3)  А.  толғаулары  "Ертедегі  әдебиет 
нұсқалары" (1957), "Ақберен" (1972), "Өсиетнама" (1982), "19 ғасырдағы қазақ поэзиясы" (1985), 
"Бес ғасыр жырлайды", "Жырдария" (1995) жинақтарында жарияланған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет