Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет166/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   677
ӘБУТОВА  Гүлнар (10.10.1964 ж.т.. Алматы обл. Ұйғыр ауд. Үлкен Ақ-суа.)- ақын. ҚазҰПУ-ды 
бітірген  (1987).  1987  жылдан  Шығыстану  ин-тында  ғыл.  қызметкер.  Алғашқы  жыр  жинағы 


Гүлзарим" 1990 ж. жарық көрген. 
ӘБІКЕНҮЛЫ  Нұрбек  (1942  ж.т..  ҚХР,  ШҰАР.  Толы  ауд.)  -  аудармашы.  Қытайдағы  Шыңжаң 
ун-тін бітірген (1964). 1980 жылға дейін Қытай қоғамдық ҒА-сының Этнология ин-тында қызмет 
атқарған. Трекри маңыздары", "Балықшылар кегі" романын, т.б. кітаптарды қазақ тіліне аударған. 
ӘБІҚАЕВ Ахметжан (1904. қазіргі Қостанай обл. Жангелдин ауд. Шилі а. - 1986. сонда) - айтыс 
ақыны. 1957 ж. Алматыда өткен ақындар айтысына қатысқан. Оның Әли ақынмен айтысы мектеп 
оқулығына,  "Айтыс"  (1965),  "Ақындар  шықгы  айтысқа"  (1960)  жинақтарына  енген. 
Н.Ахметбековтың "Айрылысу амалсыз" деген толғауында Ә-тың өнерпаздық тұлғасы ашылған. 
ӘБІЛ  Қонысбай  Іскендірұлы  (21.4.  1954  ж.т..  Қостанай  обл.  Жангелдин  ауд.  Көктал  а.)  -  ақын. 
Қазақстанның  халық  ақыны  (1990).  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1977).  1977-  1980  ж.  Қостанай  обл. 
Жангелдин ауд. "Жаңа өмір" газетінде жауапты хатшы. 1980 - 85 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас 
алаш") газетінің Торғай обл. бойынша меншікті тілшісі. обл. "Торғай таңы" газеті редакторының 
орынбасары,  1990  ж.  қалалық  "Арқалық  арайы"  газетінің  редакторы,  1991  -  95  ж.  Торғай  обл. 
телерадио  компаниясының  төрағасы  қьвметтерін  атқарған.  Қазір  Астана  қ.  әкімі  аппаратында 
бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді. Алғашқы жыр жинағы 1980 ж. жарық көрген. Бірнеше 
прозалық  шығармалардың  авторы.  Ә.  -  белгілі  айтыскер  ақын.  1990  ж.  Ташкент  қ-нда  Базар 
жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орт. Азия және Қазақстан ақындарының айтысында 
жеңімпаз атанды. 3-респ. ақындар айтысының бас жүлдесін иеленді. Айтыстары "Мәңгітік көктем", 
"Жыр-шашу", ауызша әзілдері "Деген екен..." ұжымдық жинақгарына енген. "Астана" медалімен 
марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет