Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет189/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   677
ӘЗІРБАЕВ      МҰРАЖАЙЫ  -  Қазақстанның  халық  ақыны  Кенен  Әзірбаевтың 
әдеби-мемориалдық  мұражайы.  Жамбыл  обл.  Қордай  ауд.    Кенен  а-нда  орналасқан.  1981  ж  13 
наурызда  ашылған.  Мүражай,  негізінен,  үш  көрме  залдан  тұрады.  Мұражай  қорына  арналған 
қосымша бөлме бар. Ақынның бейіті де осы жерде, оның басына көктастан ескерткіш орнатылған. 
Мұражай залдарында әнші әрі композитор ақынның өмір жолын, шығарм-ғын бейнелейтін    961 
экспонат  жинақталған.  Олардың  ішінде  ақынның  13  жасында  жасатқан  домбырасы,  қырғыз 
манабы Шәбденнің асында жыр алыбы Жамбыл сыйлаған күміс белбеу, екі мәрте Соц. Еңб. Ері 
атағын алған Ж. Куанышбаевтың Хантаудан әкеп сыйға тартқан мәр-мәртасы құнды экспонаттар 
болып 
есептеледі. 
"1916 
жыл", 
"Ұлы 
Отан 
соғысы 
жылдарындағы 
ақын 
шығармашылығы","К.Әзірбаевтың  100  жылдық  тойы",  "Кенен  және  өнер  қайраткерлері"  деп 
аталатын арнайы ұйымдастырылған бұрыштар ақынның өмірінен мол мәліметтер береді. 1981 ж. 
мұражайдың  ашылуына  байланысты  ақын  өмірі  мен  шығарм-ғы  туралы  "Жамбыл  мұрагері", 
"Кенен қанаттары" атты фильмдер түсірілген.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет