Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет190/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   677
ӘЙТЕКЕ  Байбекұлы  (23.3.1644.  Өзбекстан,  Қазбибі  тауы,  Қызылша  мекені  -  1700.  Өзбекстан, 
Нұрата ауд. Сейітқүл қорымы) - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақгы үш 
бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір Темірдің бас 
кеңесшісі  Ораз  қажының  бесінші  ұрпағы.  Бүкіл  парсы,  өзбек,  қырғыз,  қазақ,  құрама  жұрты 
"Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің -үшінші ұрпағы. Ә. Қоқанға (1622 -35) 
хан болған Ақшаның немересі, Самарқан әмірі (1622 - 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. 
Ә.  бес  жасында  ауыл  молдасынан  сауатын  ашқан.  Шешендік  қасиетінің  ерте  танылуына  әкесі 
Байбекпен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан 
мен Жалаңтөс баһадүр Ә-ні өз тәрбиесіне алады. Ол әуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, 
кейін  Жалаңтөс  баһадүр  салдырған  "Тіллә-қари"  (Ажынмен  апталған),  "Шердор"  (Арыстанды) 
медресесінде  оқып,  дін,  құқық,  аспан  әлемі,  география,  тарих,  матем.  пәндерін,  араб,  парсы, 
шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шығады. Ә. Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар 
жасау  жолдарын  үйренсе,  Жалаңтөс  атасынан  әскери  қолбасшылық  дәстүрлер  мен  дағдыларға 
жаттығады. Баланың он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден өтеді. 
Ә. медресені бітірісімен туған а-на оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел басқару 
істеріне араласады. Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, 
өзбек,  қарақалпақ  құрама  жұртының  бас  биі  болды.  Ал  жиырма  бес  жасында  барша  Кіші  жүз 
халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 ж. салқам Жәңгірдің жасы үлкен балалары Уәлі мен Бақыны 
емес, кішісі Тәукені хан етіп сайлауға қазақ халқының бетке ұстарлары: Әнет баба, Соқыр Абыз, 
Едіге, Майлы, Төле, Қазыбек, қарақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым билермен бірге 
Ә.  би  де  айрықша  ат  салысты.  Тәуке  таққа  отырғаннан  кейін  алғаш  рет  ресми  түрде  айрықша 
құқықты "Хан кеңесі" сайланды. Ә. Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды. 1864 ж. 
"Жеті жарғы" қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен 
(б.з.б.  7  -  6  ғ.)  терезесі  тең  бұл  заңның  бытыраңқы  елдің  басын  біріктіруге,  жұртымыздың 
әл-ауқатының  артуына,  ата  дәстүрлеріміздің  сақталуына,  ұрпақ  тәрбиесіне  қосқан  үлесі  зор 
болды. "Жеті жарғыға" Ә-нің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол - "Сүйек құны", 
"Өнер құны". Ә. шешендігімен, "қара қылды қақ жарған" әділдігімен бірге жоңғарлармен болған 
ұрыстарда қол бастаған батыр да. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он 
мың  жасағына  Нұрата,  Қыз  Бибі,  Ақтау,  Тамды,  Кенимех  төңірегіндегі  алшындар  мен 


қарақалпақтардан  және  құрамалардан  жиналған  бес  мың  қол  әскерімен  Ә.  қарсы  аттанады.  Ә. 
айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен 
жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім, "Әйтеке би" де-ген үзақ дастан. Биді халық 
"айыр  тілді  Әйтеке"  деп  атаған.  Ә.  қайтыс  болғаннан  кейін  Нұрата  тауы  маңын  мекендеген 
төртқара  а-дарының  көпшілігі  Сыр  бойына  көшіп  кеткен.  Ә-нің  тікелей  өзінен  тарайтын 
алтыншы-жетінші  ұрпақтары  мен  аталастары  Қызылорда,  Ақтөбе  облыстарында,  бірқатары 
Өзбекстан Республикасының Науаи обл-ндағы Нұрата ауд-нда тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет