Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет26/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   677
"АЗАТ ӘЙЕЛ" - бір күндік газет. Қазақстан Компартиясы ОК-нің жанындағы әйелдер бөлімі 
1925ж. 

наурызда 
шығарған. 
Онда 
А. 
Оразбайқызының. 
Н.Арыққызының, 
Ш.Иманбайқызының  мақалалары  мен  өлеңдері  басылды.  Қазақ  әйелдеріне  арналған  осы 
тұңғыш, бір күндік газеттің жарық көруі үлкен тарихи оқиға болды. 1925 ж. 5 мамыр күні осы 
басылымның негізінде "Теңдік" газеті шығарыла бастады. 
 
АЗАМАТОВ  Юлдаш  Абдықадырұлы  (8.6.1947  ж.т.,  ҚХР,  Текес  қ.)  -  жазушы.  ҚазҰУ-ды 
бітірді  (1971).  1971  -  87  ж.  "Коммунизм  туғи"  (қазіргі  "Ұйғыр  авази")  газетінде  тілші,  бөлім 
меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Алматы обл. партия к-тінде 
жауапты қызметте болды. 1987 жылдан "Ұйғыр авази" газетінің бас редакторы. Әр жылдарда 
"Жоғалған пышақ" (1977), "Ядигардың атасы" (1980), "Ұмыт" (1984), т.б. прозалық кітаптары 
жарық  көрген.  Орыс  жазушысы  А.Гайдардың  бірнеше  повестерін  ұйғыр  тіліне  аударған. 
Әңгімелері  қазақ,  орыс,  өзбек,  қырғыз  тілдеріне  аударылған.  Қазақстан  Журналистер  одағы 
сыйл. лауреаты. 
 
  АЗАМАТТЫҚ  ЛИРИКА  -  лирикалық поэзияның әлеум. мәселелерді қозғайтын үлкен бір 


саласы. Қазақ әдебиетіндегі А. л. түрлеріне Абайдың, С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқызуға 
болады.  20  ғ-дың  бас  кезіндегі  бұл  сарын  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатов 
поэзиясында  үлкен  әлеум.  маңызға  ие  болды.  А.  л-ның  тамаша  үлгілерін  С. 
Сейфуллин,І.Жансүгіров,  С.Мұқанов,  Т.Жароков,  Ғ.Орманов,  Қ.Аманжолов,  Ә.Тәжібаев, 
Х.Ерғалиев,  Қ.Бекхожин,  С.Мәуленов,  М.Мақатаев,  Қ.Мырза  Әлі,  Т.Молдағалиев, 
Ж.Нәжімеденов,  т.б.  шығармаларынан  табуға  болады.  Қоғамдық  өмірдің  ең  көкейкесті 
мәселелері халықтың тағдырына, мүдделеріне, келешегіне байланысты сарындар А. л-ға арқау 
болды. А. л. өз дәуіріне байланысты әр қырлы болуы мүмкін.   
 
АЗАТ ЖОЛ, абзац - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл 
шегіндіріп  бастау.  Бүл  мәтіннің  мағына  жағынан  бірыңғай  тиянақты  бөліктерін  бір-бірінен 
ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып 
отыру,  ой  желісін  дұрыс  ширатып,  өрбіте  жүйелеуге  өте  ыңғайлы.  А.  ж.  мәтіннің  түсінікті, 
түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет