Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Б-тың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі
жарияланды. 1920 ж. В.И. Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы
қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің
құрамына еніп, 1920 - 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж.
Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 -25 ж. Халық ағарту
комиссариаты ғыл.-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып
қызмет атқарды. Б. түрлі мемл. қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны
сүйген ұстаздық жұмысынан қол үзбеген. 1921 - 25 ж. Орынбордағы, 1926 - 28 ж. Ташкенттегі
Қазақ халық ағарту ин-ттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
19-28 ж. Алматыда ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) ашылуына байланысты ректордың
шақыруымен осы оқу орнына проф. қызметіне ауысты. 1929 ж. 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы
қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына дейін тергеу үшін
Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. орыс жазушысы 1934 ж. М.Горькийдің жұбайы Е.П.
Пешкованың көмегімен Б. отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. 1937 ж. 8
қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8желтоқсанда атылды. Б. шығарм. жұмысын
өлең жазудан бастаған. Ақынның алғашқы өлеңдері "Қырық мысал" аударма жинағында 1909 ж.
Санкт-Петербургте жарық көрді. Б-тың екінші кітабы - "Маса" (1911). Кітаптың ішкі сазы мен
ой-өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Көптеген өлеңдері
сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған
дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы толғамды ойларды өзінше жалғастырушы.
"Қазақ салты", "Қазақ калпы", "Досыма хат", "Жиған-терген", "Тілек батам", "Жауға түскен жан сөзі",
"Бақ", т.б. өлеңдері бар. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Б. зор еңбек
сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі "Қазақтың бас ақыны" деген көлемді мақаласы
"Қазақ" газетінің 1913 ж. үш санында шықты. Қазақтың "Ер Сайын" атты эпостық жырына алғы
сөз бен түсініктемелер жазып, оны 192-3 ж. Мәскеуде шығарды. Қазақауыз әдебиетінде молынан
сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. "23 жоқтау" деген атпен жеке
кітап етіп жариялады. "Әдебиет танытқыш" (1926) кітабы қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі
ғыл.-теориялық еңбек. Б. әдебиет тарихына, теориясы мен сынына,
методологиясына тұңғыш рет
тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Б. тілші-ғалым
ретінде казақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту
әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж. Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық
1-съезіне қатысып, "Түркі тілдеріндегі терминология жайлы" деген тақырыпта баяндама жасады. Б.
қазақ балаларының сауат ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта "Оқу құралы" (1912), "Тіл
құралы" (1914), ересектердің сауатын ашуға арнап "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты
оқулықтар мен ғыл. еңбектер ұсынды. Б. қазақ тіл білімін 20 ғ-дың бас кезінде қалыптастырып,
оның іргетасын қалады. Ол араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Б.
көркем аударма саласымен де айналысты. Ол орыс классиктерінің шығармаларын, И.А. Крылов
мысалдарының бір тобын, И.И. Хемницердің "Ат пен есек", А.Пушкиннің "Балықшы мен балық",
"Алтын әтеш", "Ат", "Данышпан Аликтің ажалы" шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны
С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Б-тың мол әдеби және ғыл. мұрасы ұзақ үзілістен
соңұ 1989 ж. халқымен қайта қауышты. 1988 ж-дан кейін Қазақстандағы көптеген көшелер, оқу
орындары, Тіл білімі ин-ты, Қостанай ун-ті Б. есімімен аталды. 1998 ж. оның туғанына 12-5 ж.
толуы кеңінен атап өтіліп, Алматы қ-нда респ. ғыл. конференция өткізілді, әдеби-мемориалдық
мұражай үйі мен ескерткіші ашылды. Ұлт ұстазының туғанына 125 ж. толуы егемен елімізде
кеңінен аталып өтті.
Достарыңызбен бөлісу: