Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет280/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   677
БАҚТЫГЕРЕЕВА  Ақұштап  (23.8.  1944  ж.т..  Бат.  Қазақстан  обл.  Ақжайық  ауд.  Ақжайықа.)  - 
ақын.  Қазақ  мемл.  қыздар    пед.  ин-тын  бітірген  (1966).  1966  -  71  ж.  Орал  обл.  "Орал  өңірі" 
газетінде тілші, Талдықорған обл. "Октябрь туы" газетінде тілші, "Қазақ әдебиеті" газетінде әдеби 
қызметкер,  1971  -  72  ж.  "Қазақфильм"  киностудиясында  редактор,  1972  -  75  ж.  "Жұлдыз" 
журналында  әдеби  қызметкер,  1975  -  81  ж.  "Жазушы"  баспасында  редактор  қызметтерін 
атқарған.  1981  жылдан  шығарм.  жұмыста,  Тұңғыш  өлеңдер  жинағы  -  "Өрімтал"  1967  ж.  жарық 
көрді.  "Наз"  (1969),  "Қанышым  -  іңкәрім"  (1976),  "Сені  ойлаймын"  (1973),  "Ақ  қанат"  (1975), 
"Бақыт  әні"  (1978),  "Жайық  қызы"  (1980),  "Белокрылая"  (1981),  "Ақжелең"  (1985),  "Сүмбіле" 
(1990)  атты  кітаптары  бар.  2001  ж.  "Ақ  шағала"  жыр  жинақтарының  авторы.  С.Капутикян, 
В.Тушнова. А.Ахматова шығармаларын қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. 
"Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалімен марапатталған.  
 
''БАҚЫРҒАНИ  КІТАБЫ"  -  түркі  тілдес  халықтардың  12  ғ-дан  сақталған  құнды  әдеби 
ескерткіштерінің  бірі.  Авторы  -  Сүлеймен  Бақыргани,  Ақын  мұрасы  тек  19  ғ-да  ғана  толық 
жинақталып, Қазан және Стамбұл қалаларындағы баспалардан "Бақырғани кітабы" деген атпен 
бірнеше рет (1846, 1877, 1882, 1898 ж.) басылып шықты. "Б. к." - бес бөлімнен тұрады. Бірінші 
бөлімі  -  көңіл  күй  жырлары,  екіншісі  -  сопылық  ілімді  насихаттауға  арналған  дидакт.,  филос. 
хикмет өлеңдері, үшіншісі - Алланы ма-дақтауға арналған жырлары ("Меғ-рожнаме"). төртіншісі 
- "Ақыр заман көріністері" дастаны, бесіншісі - "Бибі Мариям" толғауы. Кітаптың басты мақсаты 
оқырманын  ізгілікке,  имандылыққа,  рухани  тазалыққа  үндеу.  Ақынның  айтуынша,  әрбір  адам 
рухани  тұрғыдан  кемелденген  дәрежеге  жетуі  үшін  Алланы  (Хақты,  абсолюттік  рухты)  толық 
танып-білуі тиіс. Ал. бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төртасудан сүрінбей өтуі керек. 
Олар:  шариғат  (ислам  заңдары  мен  әдет-ғұрыптарының  жинағы),  тариқат  (сопылық  ілімнің 
идеясы,  мұрат-мақсаты),  мағрифат  (мұсылмандықтың  шарттарын  танып-білу)  және  хақиқат   
(Хаққа  жақындау).  Бұл  рухани  асулардың  бірі  екіншісіне  өту  үшін  қажетті  басқыш  болып 
табылады. Сондай-ақ, осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған 
төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың 
(ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады." Б. к." оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке,   
Аллаға құлшылық етуге шақырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет