БӘЙКЕНОВӘлібек (1889. Қызылорда обл. Сырдария ауд. №3 а. -1944. Қызылорда қ.) - ақын.
Алғашқы өлеңдері баспасөзде 1938 жылдан жариялана бастаған. 1943 ж. Алматыда өткен респ.
ақындар айтысында О. Таймановпен айтысқан. "Халық ақындары" (1953), "Пернедегі термелер"
(1965) жинағына өлеңдері енген. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған
(1939).
БӘЙІТ - араб, парсы және түркі тілдес халықтар поэзиясындағы екі жолды. егіз ұйқасты өлең. Б-те
өлең екі жолдан ғана болып, айтылатын ой тұжырымды, тиянақты болып келеді. Бұл Шығыс
поэзиясындағы шумақ жасаудың негізгі ұйытқысы. Осыдан газел, қасида, маснави, рубаят және
басқадай шығыстың
өлең түрлері туындайды. Қазақ поэзиясында көбінесе, аударма шығармаларда кездеседі.