Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет297/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   677
БАЯЛИЕВ  Кәрім  (1.3.1927.  Жамбыл  обл.  Жуалы  ауд.  Берікқара  а.  -14.6.2004)  -  жазушы. 
Қазақстанның  еңб.  сің.  мәдениет қайраткері (1982).  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1947).  1947 - 49 ж. 
Жамбыл  обл.  әділет  басқармасы  бастығының  орынбасары.  1950  -  55  ж.  Жамбыл 
зоотехникумында мұғалім. 1955 - 59 ж. Жамбыл обл. "Еңбек туы" (қазіргі "Ақ жол") газетінде 
әдеби  қызметкер,  Қазақстан  Жазушылар  одағының  обл.  бөлімшесінің  кеңесші  қызметтерін 
атқарған.  1959  жылдан  зейнеткерлікке  шыққанша  Қазақ  радиосының  Жамбыл  обл-дағы 
меншікті  тілшісі  болды.  Алғашқы  әңгімелер  жинағы  "Жол  үстінде"  1959  ж.  жарық  көрді. 
"Оралу",  "Атаң  келеді  артында",  "Қос  дегелек"  спектакльдері    Жамбыл  обл.  қазақ  драма 
театрында,  Шымкент  обл.  қазақ  драма  театрында  және  Қырғызстанның  Ош  театрында 
қойылған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1977). 
 
"БАЯН" - тарихи дастан. Халық ақыны Көшен Елеуов 1939 ж. жазып, 1947 ж. қайта өңдеген. 
Дастанда  Баян  өңірінде  болған  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  суреттеледі.  Дастан  15 
тараудан  тұрады.  Шығарма  бұрын  еш  жерде  жарияланбаған,  өлең  құрылысы  он  бір  буынды 
кара өлең үлгісімен жазылған. Қолжазба нұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет