БЕКХОЖИНХайыржан Нұрғожаұлы (25.12.1910, Павлодарқ. - 3.1. 1979. Алматы) - ғалым, тарих
ғыл. докт. (1965), проф. (1976). ҚазҰУ-ды бітірген (1942). Журналистік қызметін 1929 ж. Павлодар
округтік "Кеңес туы", ауд. "Колхоз" газеттерінде бастаған. 1935 - 39 ж. Семей обл. "Екпінді"
газетінде қызметкер. 1942 - 45 ж. Қостанай обл. "Большевиктік жол" газетінің редакторы. 1945 - 79
ж. ҚазҰУ-дың журналистика ф-тінің аға оқытушысы, деканы. кафедра меңгерушісі қызметтерін
атқарған. 60-тан астам ғыл. мақала мен "Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860 - 1930 жылдар)"
монографиясының авторы.