уч-щесін (1905) бітірген. 1905 - 14 ж. Либава, Херсон полктерінде, Ташкент әскери окр. штабында
қызмет атқарған. 1914 - 15 ж. Ресей әскерлерінің құрамында штабс-капитан шенінде 1-ші
дүниежүз. соғысқа қатысып, жараланып қайтқан. 1915 - 17 ж. Ташқорған горнизонының бастығы
болған. 1917 ж. 5 - 13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпы қазақ съезінде Алашорданың Ұлт
Кеңесі құрамына мүшелікке кандидат болып сайланады. 1918 ж. Жетісу босқындарына
жәрдемдесу к-тінде қызмет атқарған. Қытайда, Ресейде және Башқортостанда тұрған. Орыс
ақыны А.С. Пушкиннің "Капитан қызы" повесін 1903 ж. қазақ тіліне аударып, Қазан қ-нда
бастырып шығарған. Н.Қатановтың "Қырғыздың (қазақтың) халықгық эпосын зерттеуге қатысты
материалдар" деген алғы сөзімен "Известия общества археологии, истории и этнографии при
Императорском Казанском университете" атты басылымда (1904. т. 20) Б-тің ел аузы нан жинаған
алты ертегісі. "Орал облысы қырғыздарының (қазақтарының) үйлену салты" деген мақаласы
жарияланады. Сондай-ақ ол ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, "Средняя Азия" жинағында
ертегілер мен аңыздар. "Киргизская степная газета" мен "Тургайская газетада" ертегілер,
"Туркестанский курьер" газетінде мақал-мәтелдерін жариялаған. 1909 ж. "Қазақ тілін оқып
үйренуге басшылық" кітабы жарық көрді. "Айқап" журналында (1912. №1) "Қазақ халқы
жайынан" деген мақала жариялаған. Ресей акад. С.Венгеров 1915 жылдың өзінде-ақ Б-ты қазақ
халқы жайында жазып жүрген этнограф деп таныған. Оның еңбектерін Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин,
Ә.Дербісәлин, Б.Аманшин, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер жоғары бағалаған.
Достарыңызбен бөлісу: