и культурные его успехи" атты алғашқы еңбегі 1903 ж. "Россия. Полное географическое описание
нашего отечества" деген көптомдық альманахтың 17-томына еніп, Санкт-Петербургте жарық
көрді. "Киргизы" атты еңбегі алғаш рет "Формы национального движения в современных
государствах" атты жинақта 1910 ж. Санкт-Петербургте басылып шықты. Ғалым қазақтың қой ш.
жайында сүбелі еңбек жазып шықты. Бұл еңбек Б-тың өзі қатысқан экспедицияның басқа
материалдарымен бірге" Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской
железной дороги" деген 3 бөлімнен тұратын кітап болып 1904 ж. Томск қ-нда басылып шықты. Б.
ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп үлес қосты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің
тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 ж. Санкт-Петербургте басылып шығуына қол
ұшын берген. Б-тың кейінгі үр-паққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі - көркем аударма
Аудармаларының ішінде орыс жазушыларының Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, В.Г. Короленко, Д.М.
Мамин-Сибиряк шығармаларымен қатар, Еуропаның қаламгерлері, сондай-ақ, үнді, түркі тілдес
халықтардың әдеби шығармалары бар. Б. қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист.
Оның мақалалары Санкт-Петербургтің "Сибирские вопросы", "Биржевые ведомости", "Новая
жизнь" басылымдарында жиі жарияланып тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін
көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген.
Достарыңызбен бөлісу: