другу" (1989) кітабы жарық көрген. Орыс ақындары С.Есениннің, В.В. Маяковскийдің өлеңдерін,
И.Василенконың "Артемка" повесін (1955), Э.Вазовтың "Тепкіде" (1959) романын қазақ тіліне
аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған. Қарағанды
мемл. ун-ті. Қарағанды қ-ның бір көшесі Б. есімімен аталады. Аталмыш ун-т ішінен Б-ке арнап
мұражай ашылған (2005).
БУРЕНКОВ Валерий (5.5.1938жт., Ресей, Нижний Новгород қ. - 28.12. 2004) - жазушы. ҚазҰУ-ды
бітірген (1963). "Казахстанская правда" газетінде, "Простор" журналында қызмет атқарған.
"Социалистическая индустрия" газетінің меншікті тілшісі болған.
БУНАҚ - өлең жолының ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын
буындар тобы; сөз өлшемі. ырғақтық пауза (кідіріс). Өлеңнің әр жолы екі, үш. төрт буынды
Б-тарға бөлінеді. Мыс., он бір буынды өлең жолы үш Б-тан тұрады. Қалың елім қазағым қайран
жұртым (Абай). Сондай-ақ, жеті буынды тармақ екі Б-тан, бұдан аз буынды
тармақтар бір Б-тан
тұрады. Б-қа жіктелу түркі тілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: