Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет356/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   677
БІРЖАН САЛ, Біржан Қожағұлұлы (1834,Ақмола обл. Еңбекшілер ауд. - 1897. сонда) - әнші, 
композитор,  ақын.  Орта  дәулетті,  шаруа  отбасынан  шыққан.  Әнші-ақындардың  қасына  еріп 
той-думанның  сәніне  айналады,  өз  атына  "сал"  атауы  қосарланып  айтылатын  болады.  1865  ж. 
Абаймен кездесуі Б. с-дың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер 
етеді. Өзінен бұрынғы айтулы әнші-ақын, сал-серілердің жанына еріп жүріп, тәлім алған. Кейін 
өзі  де  айналасына  халықтың  небір  дүлдүл  ақын-әнші,  өнерпаздарын  топтастырған.  Жаяу 
Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, 
Жарылғапберді, т.б.  арқаның  атақты  ақын-әншілері  -  Б.  с-дың  мектебінен өнеге алған. Бізге  Б. 
с-дың 60-қа жуық әндері жеткен. "Ғашығым", "Қаламқас", "Ләйлім шырақ", "Айтбай", "Ақтентек", 
"Жанбота",  "Адасқақ",  "Көлбай  - Жанбай",  "Шідер",  "Теміртас",  "Айтбай",  "Адасқақ",  "Жамбас 
сипар",  "Көкек",  "Жонып  алды",  "Теміртас",  "Алтын  балдақ",  "Жанбота",  т.б.  әндері  бар.  Б.  с. 
әндері  сөзінің  де  ұлттық  бояуымен,  бейнелеу  құралдарының  ерекше  көркемдігімен  бірегей 
тұтастық танытады. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге 
танытты (қ. "Бір-жан - Сара айтысы"). Б. с-дың муз. мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылған. 
М.Төлебаев "Біржан -Сара" операсын жазды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет