ҒАБДУЛЛИНМәлік (15.11.1915. Көкшетау обл. Зеренді ауд. - 2.1. 1973. Алматы) - жазушы,
ғалым, қоғам қайраткері, филол. ғыл. докт. (1959), проф.(1959), КСРО Пед.ҒА-ның акад. (1959),
Кеңес Одағының батыры (1943), ҚР-ның еңб. сің. ғылым қайраткері (1961). ҚазҰПУ-ды бітірген
(1935). 1938 ж. КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғыл. қызметкер, респ. ғыл.пед.
мекемелерінде қызмет еткен. 1944 - 46 ж. КСРО Қорғаныс Мин. Жоғ. Саяси Басқармасында бөлім
бастығы. 1946 - 51 ж. ҚР ҰҒА-ның Тіл және әдебиет ин-таның директоры. 1951 - 63 ж.
ҚазҰПУ-дың ректоры, 1963 - 73 ж. Әдебиет және өнер ин-тында бөлім меңгерушісі болған. Ғ-нің
алғашқы туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрген. Ғ-нің әдебиетші
Т.Сыдықовпен бірігіп жазған "Қазақ халқының батырлық жыры" кітабына Қазақстан ҒА-ның
Шоқан Уәлиханов атынд. сыйл. берілді (1972). Ғ. 2 - 4-сайланған КСРО Жоғ. Кеңесінің депутаты,
Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, I Дәрежелі Отан соғысы ордендерімен
және бірнеше медальдармен марапатталған.