әдебиетінде (А.Фет, В.Брюсов, В.Иванов, М.Кузьмин) Ғ. жанрында өлеңдер жазылды. Алайда, Ғ. таза
шығыстық стильді талап ететіндіктен, Бат. Еуропа ақындарының шығармалары поэтикалық
тәжірибе, стильдік еліктеу түрінде болды. Түркі халыкгарының кейінгі поэзиясындада Ғ. жанрында
жазылған шығармалар бар. Мыс., түрік әдебиетінде Шейһ Галип, Яхуа Кемал, қазақ әдебиетінде Ақан
сері, Әсет, т.б. ақындар.
ҒАЗИЗ Файзоллаұлы (т.ж.б., Ақмола обл. Целиноград ауд. Қараөткел а. - 1930. Петропавл қ.) - әнші,
ақын, композитор. Қоянды жәрмеңкесінде өнер сайысына түскен. Әнді, көбінесе, он екі тілді
сырнаймен орындаған. Оның екі әні
А..В.Затаевич құрастырған "Қазақ халқының 1000 әні"
жинағында жарияланған. Ғ-дің әншілік талантын
Ақан сері, К.Бабақов, Ж.Елебеков, жазушы
С.Мұқанов жоғары бағалаған. Ғ. - "Мұқыш қыз", " Қарақат", " Төрт Райхан", "Қарағайлы", "Қоңыр",
"Шалқыма", "Көктің көлі", "Қайран Мұқыш", "Ақ еркеш", "Іңкәржан", "Қарындаш", т.б. әндердің
авторы. Оның әсіресе, "Ғазиз", "Шалқыма" әндері халық арасына кең тараған.
ҒАҚЫЛИЯ (араб. - ақылмен үғыну) - дүние сыры терең таразыланған ой-пікірлер. Прозаның
алғашқы қысқа да нұсқа үлгілерінің бірі. Ғ. термині қазақ әдебиеті тарихында исламдық танымға
байланысты
Абайдың 38-қара сөзінде,
Ы.Алтынсариннің "Шариат-ул-ислам" деп аталатын
кітабында (Мұсылмандық тұтқасы, А, 1991. 18-6.),
Мәди Меркішұлының "Туһфа уа жүмхурият"
рисаласында (Ташкент, 1917. 24 б.) алғаш рет қолданыс тапқан. Ғ-а жүйріктер хакім, нақылияға
жүйріктер ғалым аталады. Хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана
айналыспай, ортақ заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған бесаспап ойшылдығы себепті де бұл
дәрежеге жете алады. Абай 38-сөзінде адамдарды төрт топқа бөліп қарайды. Осы себепті болса
керек, М.Әуезов Абайдағы мораль философиясын сөз еткенде "38-қара сөзді" бөле-жара "ғақылият
тасдихат" деп атауына терең ойлы таным жатады.
Достарыңызбен бөлісу: