ДӘДЕБАЕВ Жанғара (15.11.1948 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ойық а) -ғалым, филол. ғыл. докт.
(1992), проф. (1994). Қазақстан Жоғары мектебі ғылым академиясының корр.-мүшесі, Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің үздігі. Тараз пед. уч-щесін (1969). ҚазҰУ-ды
(1975), осы ун-ттің аспирантурасын (1980), Мәскеу мемл. ун-ті жанындағы Біліктілік арттыру
ф-тін (1985) бітірген. 1968 - 1970 ж. Жамбыл обл. Талас ауд-нда мұғалім. 1975 - 77 ж. Әдебиет және
өнер ин-тында аға лаборант, 1977- 1982 ж. ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасында ассисент,
1982 - 91 ж. осы оқу орнында аға оқытушы, 1991 - 93 ж. Ы.Алтынсарин атынд. пед. ғыл.-зерт.
ин-тының директоры, 1991 -2000 ж. ҚазҰУ-дың филол. ф-тінің деканы, 2000 - 2001 ж. қазақ
әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2001 жылдан ҚазҰУ-дың оқу ісі
жөніндегі проректоры. Д-тың барлығы 60-тан астам монографиясы. 200-ден астам оқулықтар мен
оқу құралдары жарық көрді. Ол" Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік
медалімен марапатталған.
ДӘЙЕК СӨЗ. ц и т а т а (лат. cito - келтіремін, шақырамын) - қандай да бір түпнұсқадан сөзбе-сөз
алынған үзінді. Д.с. автордың ойын неғұрлым дәл бейнелейтін беделді пікірлермен тиянақтау
үшін; біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Д. с.,
негізінен. баспасөз материалдарында, ғыл. еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда,
баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Д. с-дер ғыл. еңбектерде пайдаланылғанда, сол
еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды
одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады.
Әдетте зерттеу еңбектерде, көбінесе, әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен
Д. с-дер алынып отырады. Мұның өзі егер үлкен талғаммен. орынды алынса. еңбектің сапа-сын
арттыруға себін тигізеді. Д. с., көбінесе. ықшам түрде алынады. Сөйлем үзақ болған жағдайда
керекті жерін альш. қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Д. с. мәтін ішінде
пайдаланылғанда тырнақшаға алынып беріледі де, міндетті түрде цитата авторының аты-жөні,
еңбегінің тақырыбы нақтылы көрсетіледі. Эпиграф та Д. с-дің бір түріне жатады.
ДӘРІБАЕВ Қанапия (27.12.1931 жт., Қызылорда обл. Тереңөзек ауд. С.Сейфуллина.) - ақын.
Қызылорда пед. ин-тын бітірген (1956). 1956 - 1958 ж. Тереңөзек ауд. мектеп мұғалімі. 1958 - 1963
ж. респ. "Балдырған", "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналдарында әдеби
қызметкер, 1963 - 1981 ж. Қызылорда обл. Шиелі ауд-ндағы "Өскен өңір" газетінде редактордың
орынбасары, 1981 - 1983 ж. респ. "Ара" журналында еңбекші хаттары бөлімінің меңгерушісі
қызметтерін атқарған. 1961 ж. респ. жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген. Қазір
шығарм. жұмыста.
ДӘРІБАЕВА Жадыра (4.9.1948 ж т.. Қызылорда обл. Тереңөзек ауд.) - ақын. Қызылорда
қ-ндағы Қыздар пед. уч-щесін бітірген (1968). 1968 - 70ж. Қызылорда пед. ин-тында. 1970- 78 ж.
Мәскеудегі Әдебиет ин-тында оқыған. 1978-91 ж. Мәскеудегі Мемл. театр өнері ин-тында
(ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген. 1982 - 90 ж. Қазақстан Жазушылар одағында
секретариат меңгерушісі, 1991 - 92 ж. "Қазақстан әйелдері" журналында бөлім меңгерушісі
қызметтерін атқарған. ҚР-ның 1992 ж. қабылданған Мемл. Әнұран мәтіні авторларының бірі,
"Құрмет" орденімен марапатталған (1995).