дағдарыстың әдебиеттегі көрінісі өмірден торығу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру
сарындары басым әдеби құбылыс. Декаданс алғашында Францияда өмірді әр алуан
балама-бейнелерді, тұспал-белгілерді қолданып, шартты тәсілдермен суреттеуді мақсат ететін
символизм ағымымен жалғаса шықты, оны бастап әдебиетте орнықгырғандар символист -
ақындар болды. Ірі символистер Франциядағы А.Рембо, П.Верлен, С.Малларме, Бельгиядағы
Э.Верхарн, М.Метерлинк, Австралиядағы Р.М. Рильке, Россиядағы Ф.Сологуб, З.Гиппиус,
Д.Мережковский, А.Бе-лый Д. нағыз өкілдері болды. Кейін футуризм, экспрессионизм,
акмеизм сияқты ағымдар дамыған кезде. Д. енді солармен тығыз байланысты ұғым болып
саналды. Д-қа жататын, не оған жақын келетін әдеби ағымдарға ортақ қасиет аумалы-төкпелі
замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге ұмтылу, қоғамдық
тартыс-таластардан алшақтап дарашылдық, сыршылдық сезімдерге бой ұру болды. Д. "өнер
өнер үшін" деген қағиданы қолдағанын да тек қоғамдық күрестен бас тарту деп қана қарамай,
көркем өнердің, әдебиеттің өзіндік құндылығын да ескеру, жазушылардың шығарм. еркіндігін
сақтауға ұмтылу деп санаған жөн. Бүгінгі таңда өткенге тарихи тұрғыдан қарап, декаданс әдеби
құбылыс ретінде жан-жақты зерттеліп, әсіресе, көркем өнерге өзіндік үлес қосқан
жазушылардың шығармалары байсалды түрде талданып, әділ бағалануы қажет.
"ДЕНСАУЛЫҚ" - қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғыл.-көпшілік журнал.
1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау мин. мен Респ. кәсіподақтар кеңесінің
басылымы ретінде жарық көрді. 1999 ж. "Денсаулық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
айналды. Журнал қазіргі заманғы медицина мәселелеріне, әсіресе аса көп тараған аурулар мен
қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде
көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың, ауаның, топырақтың ластануы,
биосферада экол. тепе-теңдіктің бұзылуы. Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған
аймақтарындағы (Семей, Бат. Қазақстан, Қызылорда) радиация кесапаты - журналдың негізгі
тақырыбына айналды. "Д." елімізде медицина мекемелерінің жұмысын, дәрігерлердің кәсіби
мамандығын жетілдіру, емдеу сапасын жақсарту мәселелерімен қатар еңбек етудің,
тамақганудың, демалыстың ыңғайлы режимі, оңтайлы психол. ахуал жасау, дене
шынықтырудың бұқаралық түрлерін дамыту шараларына ұдайы көңіл бөледі. Медицина тарихына,
дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы
айдарлармен берілді. Журналдың көлемі 4 баспа табақ, таралымы 9000 дана (2000).
Достарыңызбен бөлісу: