Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет396/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   677
ДӘУРЕНБЕКОВ  Әбен  (1939жт.,  Шығ.  Түркістан  (ҚХР)  Жарсу  а)  -  ақын.  ҚазҰПУ-ды 
бітірген (1967). Алматы обл. (бұрынғы Талдықорған) " Жерұйық" газетінде тілші, мектептерде 
мұғалім болып қызмет атқарған. "Таң", "Мөлдір тамшы", "Тамшы бұлақ", "Балконнан ұшқан 
көгершін", "Мамырайы", "Құс қанатында жазылған жыр" жыр жинақтарының авторы. 
 
ДӘУРЕНБЕКОВ Жақау (21.10.1946 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд. Сар-бастауа.) - жазушы, 
журналист. ҚазҰУ-ды бітірген (1971). 1965 ж. Арал ауд. "Толқын" газетінде әдеби қызметкер, 
1970  -  80  ж.  "Жас  Алаш"  (бұрынғы  "Лениншіл  жас")  газетінде  әдеби  қызметкер,  аға  әдеби 
қызметкер,  бөлім  меңгерушісі,  алқа  мүшесі,  1980  -  93  ж.  респ.  "Өнер"  баспасында  бөлім 
меңгерушісі,  бас  редактордың  орынбасары  қызметтерін  атқарған.  1994  жылдан  бері  респ. 
"Ана тілі" баспасының директоры. Мектеп қабырғасында жүрген кезден газет-журналдарда 
мақала, очерк, әңгімелері үзбей жарияланып тұрған. Алғашқы жинағы "Бөгенауыл балалары" 
1970  ж.  жарық  көрген.  Онан  кейін  "№  28  комсомол  билеті"  (1978),  "Шұғыла  шақ"  (1980), 
"Ауылым - алтын бесігім" (1985), "Алғашқы сабақ" (1971), "Саяқ" (1979), "Күн ұясы" (1984), "Бір 
нәзік  сәуле"  (1989),  "Айтыңыз  құпы  болсын"  (1993),  "Алты  ата  әлім"  (1992),  "Менің  елім  - 
Қазақстан",  "Сөз  киесі"  (1996)  кітаптары  жарық  көрген,  "Күн  ұясы",  "Саяқ"  повестері  респ. 
дәстүрлі  жастар  мен  балаларға  арналған  "Жалынның"  сыйлығына  ие  болды.  "КСРО 
баспасөзінің үздігі" белгісімен. Қазақстан Жоғ. кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 
Бірнеше дүркін Қазақстан Журналистері одағы сыйл. лауреаты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет