Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет402/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   677
ДЕРБІСӘЛІ Әбсаттар қажы (15.9. 1947 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд.) - ғалым, филол. 
ғыл.  докт.  (І988).  проф.  (1989).  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының  төрағасы,  бас 
мүфти (2000). Шымкент пед. ин-тын бітірген (1969). 1970 - 1975 ж. КСРО ҒА-ның Шығыстану 
ин-тының (Мәскеу) аспиранты, 1975 - 1976 ж. Марокко, 1985 - 1986 ж. Тунис ун-тінде араб тілі мен 
әдебиеті  бойынша  біліктілік  арттыру  тәжірибесінен  өткен.  1976  -  1977  ж.  ҚР  ҒА-ның  Әдебиет 
және өнер ин-тының ғыл. қызметкері, 1977 - 86 ж. ҚазҰУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент, 
филол. ф-ті деканының орынбасары, Шығыс филол. кафедрасының меңгерушісі. 1986 - 1988 ж. 
КСРО ҒА Москва Шығыстану ин-тының докторанты, 1989 ж. Шығыстану ф-тінің деканы, 1991 - 
1997 ж. тілдер және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, 1997 - 2000 ж. ҚР Сауд Арабиясы 
Корольдігіндегі  елшілігінің  кеңесшісі  қызметгерін  атқарған.  2000  жылдан  Қазақстан 


мұсылмандарының  бас  мүфтиі.  "Сауыт  еккен  қайыңдар"  атты  алғашқы  новелласы  1967  ж. 
"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде жарияланған. "Сенім" атты әңгімесі Қазақстан жас 
жазушылар әңгімелерінің жинағында (Жылы жел, А., 1977) жарық көрді. Д-нің 300-ден астам 
ғыл. еңбектері жарық көрді. Араб тілді Марокко әдебиетінің тарихын жазып шықты. Қожа Ахмет 
Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. 10 - 18 
ғ-ларда өмір сүрген Әбу-л  Қасым  әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Әбу  Ибраһим 
Ысқақәл-Фараби, Бурһан әд-Дин Ахмад әл-Фараби, Махамад әл-Фараби, Байлақ Қыпшақ, Хасан 
Әли Жалайри, Махмұт Тарази, Гайас әд-Дин Женди, Хусам әд-Дин Сығанақи және т.б. барлығы 
50-ге  жуық  ғылымдар  мен  ойшылдар  еңбектерін  ғыл.  айналымға  енгізді.  Мұхаммед  Хайдар 
Дулатидің  шығармаларын  зерттеді.  Қашқарияға  (1994),  Пәкстанға  (1995).  Үндістанға  (1998) 
арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тауып, Берлин және Қашқар қолжазбасы 
бойынша  ғұламаның  "Жаһаннаме"  атты  поэмасын  шағатай  тілінен  тәржімалап,  баспаға 
дайындады.  Қазақстанда  араб  тілі  мен  әдебиетін  оқыту  мен  оны  зерттеуді  жеке  ғылым  саласы 
ретінде  қалыптастырушылардың бірі,  сондай-ақ, парсы, түрік,  урду, жапон, қытай, кәріс тілінің 
500-ден  астам  мамандарын  даярлауды  ұйымдастырды.  Бас  мүфти  ретінде  Қасиетгі  Құран  Кәрімді 
мәнерлеп оқудан тұңғыш рет респ. жарыс ұйымдастырды. 
 
ДЕРБІСӘЛИН Әнуар Жақсығалиұлы (18.2.1929. Ақтөбе обл. Ойыл ауд. Қызылжар а. - 4.7.1986, 
Алматы) - ғалым, филол. ғыл. докт. (1969). ҚР ҒА-ның корр.-мүшесі (1983). ҚазҰПУ-ды бітірген 
(1950). 1950 - 51 ж. мектеп мүғалімі. 1951 -55 ж, Тіл және әдебиет ин-тының аспиранты, кіші ғыл. 
қызметкер,  1955  -  58  ж.  ҚР  Оқу  мин-нің  Пед.  ғылымдары  ғыл.-зерт.  ин-тында  аға  ғыл. 
қызметкер,  1958  -  76  ж.  Әдебиет  және  өнер  ин-тында  аға  ғыл.  қызметкер,  1977  -  86  ж.  бөлім 
меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғыл.-зерт. еңбектері негізінен 19 ғ. мен 20 ғ. басындағы қазақ 
әдебиеті  тарихының  мәселелеріне  арналған.  Сондай-ақ  түркі  жазба  ескерткіштері  мен  қазақ 
ақын-жырауларының  әдеби  мұрасы  туралы  зерт.  еңбектердің  авторы.  Асан  қайғы,  Қазтуған, 
Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай, т.б. ақын-жыраулардың әдеби 
мұраларын,  "Оғызнаме",  "Қорқыт  Ата  кітабы"  сияқты  көне  қазыналарды  зерттеуге  елеулі  еңбек 
сіңірген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет