айналысады. 1925 ж. ол В.И. Лениннің "Жаңа үнем саясаты", " 1905 жылғы төңкеріс",
Г.Зиновьевтің "Ресейлік коммунистік партияның тарихы" атты еңбектерін аударып Орынбор
мен Қызылордада бастырып шығарды, төңкерістен кейінгі кезеңде қазақ тілінде шығарылған
кітаптардың екі томдық библиографиялық көрсеткішін әзірлеп бастырады. Д. Қазақстанның
аса көрнекті қоғам қайраткерлері жайында очерк, әңгіме, портрет, тарихи дерекнамаларын
орыс, татар басылымдарында да жариялады. Оларды өзге халықгарға танытуға күш
салды. " Абай", "Хан Абылай", " Қазақ ақыны", "Қазірет Сұлтан", "Ахмет Байтұрсынович
Байтурсынов", т.б. іргелі зерттеу мақалаларын жазды. Д. Қазақстан мен қазақ халқының
халқының тегі, тарихы туралы еңбектер жазып қалдырды. Әсіресе, "Қазақ, қырғыздың ата тегі"
туралы көлемді шығармасы 20 ғ. басындағы осы сипатты еңбектер арасынан тарихи деректік
мазмұнымен назар аудартады. Д. 1928жылдыңаяғында қазақ оқығандары қатарында тұтқынға
алынады. 1930 ж. ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін
бұл үкім 10 жыл абақгы жазасымен алмастырылады. 1935 ж. қазанның 5-і күні Сосновец
ст-нда, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. 1988 ж. қарашаның төртінде
республика Жоғарғы сотының коллегиясы Д-тың есімін біржола ақтады. Сүйегі 1992 ж. 1 - 18
қыркүйек аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен аталатын ауьш бейітіне әкелініп, қайта
жерленді. 18ғ. бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып шығармалары
халқымен қайта қауышты. Оның атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар,
ескерткіш орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: