марапатталған.
ДІНИСЛАМОВ Фатих (1917, бұрынғы Семей обл. Абай ауд. Қарауыл а. - 1965) - ақын. 1933 ж.
орталау мектепті бітіріп, Қызылордадағы "Ленин жолы" (қазіргі "Сыр бойы") теміржол газетінде
әдеби қызметкер болып істеді. Қызылордадағы кеңес саудасы техникумын бітіріп (1937),
Алматыдағы журналистика ин-тында оқыды. 1940 - 42 ж. Респ. радио к-тіңде редактор, орта
мектепте мұғалім болып қызмет істеген. 1944 - 49 ж. бірыңғай шығарм. жұмыспен шұғылданған.
1949 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ көркем әдебиет баспасында редактор болып істейді. Д.
шығарм. жұмысқа 1944 жылдан араласып, "Намыс", "Семсер" деген өлең жинақтары, "Сырлы көл"
деген әңгімелер жинағы, "Ұшқын" атты повесі шықты. Д. орыс әдебиетін аудару ісімен де
шұғылданған. Н.В. Гогольдің драмалық шығармаларын, А.С. Пушкиннің "Ұлы Петрдің Араны",
"Пугачевтің тарихы" атты прозаларын, А.Н. Островскийдің "Орман" пьесасын, А.П. Чеховтың
біраз әңгімелерімен повестерін, А.М.Горькийдің "Италия туралы ертегілерін" С.Маршактың
балаларға арналған "Мистер Твистер" деген поэмасын қазақ тіліне аударды. Ол Грузия, Индия,
Пәкстан жазушыларының да бірер еңбектерін ана тіліне аударған.
ЕБЕКЕНОВ Еркеш, Еркеш Ибраһим (7.11.1930. Ақмола обл. Балқашин а. - 18.10.1986.
Қарағанды қ.) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1955). 1955 - 61 ж. Көкшетау обл. "Көкшетау
правдасы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1961 - 86 ж. "Социалистік Қазақстан"
(қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Көкшетау, Қарағанды облыстары бойынша меншікті
тілшісі болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1954 жылдан жариялана бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: