"ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН" - республикалық қоғамдық-саяси газет. Құрылтайшы және
шығарушы - "Егемен Қазақстан" респ. газеті ашық акционерлік қоғамы (Президенті
С.Әбдірахманов). Тұңғыш саны "Ұшқын" деген атпен 1919 ж. 17 желтоқсанда 2 бет болып
жарық көрген. Кейін аты өзгеріп, "Еңбек туы" (1920), "Еңбекшіл қазақ" (1921- 25), "Еңбекші
қазақ" (1925- 32), "Социалистік Қазақстан" (1937 - 91), "Егеменді Қазақстан" (1991 - 93)
болып шықты. 1993 жылдан қазіргі атымен шығып келеді. Газет ең алғаш Орынборда, одан
кейін Қызылорда қ-нда басылды. 1929 жылдан аптасына 5 (кейде 6) рет шығады. Газетке әр
жылдары Х.Есенбаев (1919 - 20), Т.Сафиев (1920), Б.Күлеев (1920), С.Садуақасов (1921.1925 -
26), Ж.Аймауытов (1921), М.Әуезов (1921), Ә.Байділдин (1922), Б.Майлин (1922),
С.Сейфуллин (1922-24), М.Жолдыбаев (1922- 25), Т.Рысқұлов (1926), О.Жандосов (1926),
О.Исаев (1926), Ғ.Тоғжанов (1926 - 32), А.Мусин (1932 - 34), Ғ.Мүсірепов (1934 - 36),
Ж.Сәдуақасов (1936). Ж.Арыстанов (1937 -38), С.Бәйішев (1938 - 40), Ә.Қанапин (1941 - 42).
Б.Асанов (1943 - 49), К.Шәріпов (1949 - 51. 1955 - 60), К.Бекмұратов (1951 - 52). Ғ.Аққұлақов
(1952 - 55), К.Үсебаев (1960 -69), Ұ.Бағаев (1969 - 73), С.Байжанов (1973 - 83), Б.Қыдырбекұлы (1983 - 87), КДүйсеев (1987 - 89), Ш.Мұртаза (1989 - 92), Ә.Кекілбаев (1992 - 93),
Н.Оразалин (1993 - 96). У.Қалижан (1996 -98), Е.Смайыл (1998 жылдан) бас редактор
болған. Қазіргі бас редакторы - Жанболат Аупбаев. Қазіргі президенті - С.Абдрахманов. "Е. Қ."
респ-ның саяси. әлеум.. экон. және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді
шұғыл жариялап, жұртшылықты Қазақстан үкіметінің және респ., обл.. қалалық. ауылдық
әкімш-тердің қызметі туралы хабардар етеді. Газет бетінде ҚР Президентінің Жарлықтары,
Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет шешімдері жарияланады. Газеттің меншікті
тілшілері республиканың барлық обл. орт-тарында. ТМД елдерінің астаналарында. кейбір шет
елдерде тұрақты жұмыс істейді. Қазір аптасына 4- 5 рет шығып тұрады. Көлемі 4 бет. кейде 8
немесе 16 бет болып шығады. таралымы 105147 дана (2005).