ЕЛАМАНОВКөшелек (1874. Бат. Қазақстан обл. Шыңғырлау ауд. Аша а- 1951, сонда) - ақын,
жыршы. Жас кезінде Қобда, Елік, Шыңғырлау өңіріне белгілі ақын Жолмағамбет
Сағынтайұлының қасына еріп, өнер үйренген. "Қобыланды", "Орақ-Мамай", "Көрұғлы", "Шора
батыр", "Ер Сайын", "Әрайна мен Күләйна", т.б. дастандарды жаттап, Орал, Ақтөбе, Атырау,
Орынбор аймағын аралап жыр айтқан. Е-тың Отан соғысы кезінде шығарған өлеңдері Орал
обл. газетінде жарияланған.
ЕЛҒОНДИНОВА Зайда (23.11. 1949 ж.т., Алматы обл. Көксу ауд. Мұқыр а.) - ақын.
ҚазҰУ-ды бітірген (1969). Алматы обл. Көксу ауд. газетінде, "Балдырған" журналында, Қазақ
радиосында жұмыс істеген. Қазір Қазақ телерадио к-тінде редактор. "Қырдың қызыл реңі",
"Қандай сұлу таң еді", "Менің ғасырым", "Сәуір шуағы", "Мұнар мен гүл" жыр жинақтары,
1997 ж. "Менің ертегім" естелік - эссесі, "Зайда-ғұмыр" өлеңдер жинағы (2002), "Махаббат пен
мұң" поэтикалық новеллалар жинағы (2003) жарық көрген. Түркі дүниесі поэзиясы 2-фестивалінің
лауреаты (1993).
ЕЛЕМЕС Керім (5.11.1963 ж.т.. ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Буратал обл. Жыңғылды ауд. ) - ақын.
1986 - 91 ж. Іле Қазақ автономиялы обл-ның" Іле" газетінде бөлім редакторы, 1991 - 93 ж. "Шыңжаң
халық радиостанциясында" әдеби қызметкер болған. 1994 ж. Қазақстанға крныс аударып, "Егемен
Қазақстан" (1994-95). "Қазақ елі" газеттерінде тілші (1997- 98). "Жалын" баспасында (1995 - 97)
редактор қызметгерін атқарған. Қазір "Балдырған" журналында бөлім редакторы. Тұңғыш жыр
жинағы "Ақ жалын" 1988 ж. Шыңжаңда жарық көрген. "Жетінші аспан" (2002). "Жұлдызды түн"
(2003) жыр кітаптарының авторы.