Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет454/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   677
ЕЛАМАНОВ Көшелек (1874. Бат. Қазақстан обл. Шыңғырлау ауд. Аша а- 1951, сонда) - ақын, 
жыршы.  Жас  кезінде  Қобда,  Елік,  Шыңғырлау  өңіріне  белгілі  ақын  Жолмағамбет 
Сағынтайұлының қасына еріп, өнер үйренген. "Қобыланды", "Орақ-Мамай", "Көрұғлы", "Шора 
батыр", "Ер Сайын", "Әрайна мен Күләйна", т.б. дастандарды жаттап, Орал,  Ақтөбе,  Атырау, 
Орынбор  аймағын  аралап  жыр  айтқан.  Е-тың  Отан  соғысы  кезінде  шығарған  өлеңдері  Орал 
обл. газетінде жарияланған. 
 
ЕЛҒОНДИНОВА  Зайда  (23.11.  1949  ж.т.,  Алматы  обл.  Көксу  ауд.  Мұқыр  а.)  -  ақын. 
ҚазҰУ-ды бітірген (1969). Алматы обл. Көксу ауд. газетінде, "Балдырған" журналында, Қазақ 
радиосында  жұмыс  істеген.  Қазір  Қазақ  телерадио  к-тінде  редактор.  "Қырдың  қызыл  реңі", 
"Қандай сұлу таң еді", "Менің ғасырым", "Сәуір шуағы", "Мұнар мен гүл" жыр жинақтары, 
1997  ж.  "Менің  ертегім"  естелік  -  эссесі,  "Зайда-ғұмыр"  өлеңдер  жинағы  (2002),  "Махаббат  пен 
мұң" поэтикалық новеллалар жинағы (2003) жарық көрген. Түркі дүниесі поэзиясы 2-фестивалінің 
лауреаты (1993). 
 
ЕЛЕМЕС Керім (5.11.1963 ж.т.. ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Буратал обл. Жыңғылды ауд. ) - ақын. 
1986 - 91 ж. Іле Қазақ автономиялы обл-ның" Іле" газетінде бөлім редакторы, 1991 - 93 ж. "Шыңжаң 
халық  радиостанциясында"  әдеби  қызметкер  болған.  1994  ж.  Қазақстанға  крныс  аударып,  "Егемен 
Қазақстан" (1994-95). "Қазақ елі" газеттерінде тілші (1997- 98). "Жалын" баспасында (1995 - 97) 
редактор  қызметгерін  атқарған.  Қазір  "Балдырған"  журналында  бөлім  редакторы.  Тұңғыш  жыр 
жинағы "Ақ жалын" 1988 ж. Шыңжаңда жарық көрген. "Жетінші аспан" (2002). "Жұлдызды түн" 
(2003) жыр кітаптарының авторы.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет