Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет467/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   677
ЕРГӨБЕК  Құлбек  Сәрсенұлы  (26.  12.1952  ж.т.,  Оңт.  Қазақстан  обл.  Отырар  ауд.)  -  ғалым, 
филол. ғыл. докт. (1995). ҚазҰУ-ды бітірген. (1975). 1975 - 76 ж. Әдебиет және өнер ин-тында 
аға  лаборант,  1976  ж.  респ.  Халық  шығармашылығы  (Қазіргі  Қазақ  мәдениет  және  өнертану 
ғыл.-зерттеу институты) үйінде аға методист, 1976 - 78 ж. С.Мұқанов мұражай үйінде аға ғыл. 
қызметкер,  1978  -  87  ж.  "Лениншіл  жас"  (қазіргі  "Жас  Алаш")  газетінде  тілші,  бөлім 
меңгерушісі,  1987  -  90  ж.  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі  "Егемен  Қазақстан")  газетінде 
тілші,  аға  тілші,  1990  -  92  ж.  Әдебиет  және  өнер  ин-нда  аға  ғыл.  қызметкер,  "Ақиқат" 
журналында тілші, бөлім меңгерушісі, консерваторияда аға оқытушы, 1992 - 96 ж. Шымкент 


қ-ндағы Халықаралық қазақ-түрік ун-тінде доцент, проф., кафедра меңгерушісі. тарих-филол. 
ф-тінің деканы, ректордың ғыл. істері жөніндегі проректоры, 1996- 99 ж. Әдебиет және өнер 
ин-тында  бас  ғыл.  қызметкер,  бөлім  меңгерушісі,  1999  -  2003  ж.  Түркістан  қ.  әкімінің 
орынбасары  қызметтерін  атқарған.  2003  жылдан  Шымкент  қ-ндағы  Халықар.  қазақ-түрік 
ун-тінде проректор, "Жан жылуы", "Мейірім шуағы", "Сәбит Мұқанов"  (1989), "Қазақ совет 
балалар  жазушылары"  (1987),  "Баянғұмыр"  (1992),  "Жақсыдан  қалған  сөз"  (1992),  "Өтебай 
Тұрманжанов"  (1992)  "XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті"  (1994)  оқулық,  сын  зерттеу 
еңбектерінің, "Адасқандар ақиқаты", "Сібір сабақтары" деректі повестерінің авторы.   
 
ЕРГӨБЕК  Құттыбайұлы  (1865.  Оқг.  Қазақстан  обл.  Қызылқұм  ауд,  Шәуілдір  а.-  1917. 
Өзбекстан) - ақын. Анасы Ақбөбек Е-ті бала күнінен ән-жырға баулып өсірген. Е-тің "Қалпеге 
құда  болып  ек...",  "Айдайды-ау  бір  шыбықпен  бәрімізді",  "Не  жаздым?",  "Жанкелдінің  сазы 
кетіп...",    "Іздірәсти,  Неколай"  өлеңдері  мен  "Сәлем  де  туған  елдерге"  толғауы  сақталған. 
Ақын шығарм-ғы туралы ғалым Ә.Оспанұлы "Қаратау шайырлары" кітабында (1991) арнайы 
тоқталған. Е. өлеңдері "Бес ғасыр жырлайды" жинағында (1985. 3-т.) жарияланған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет