ЕРҒАЛИЕВ Хамит (14.10.1916. Атырау обл. Махамбет ауд. Аққыстау а. - 13.12.1997. Алматы)
- ақын. Қазақстанның халық жазушысы (1986). ҚазҰУ-ды бітірген "(1939). Тұңғыш өлеңдері
1936 ж. Атырау обл. газетінде жарияланған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1945 - 50 ж.
"Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің әдеби қызметкері. 1950 - 57 ж.
Қазақстан Жазушылар одағында бөлім меңгеруші, 1958- 59 ж. Қазақстан мемл. әдебиет
баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1959 жылдан шығармпен айналысқан.
Е. 30-ға тарта жыр жинақтарының авторы. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық
шырқайды" 1966 ж. жарық көрген. Д.Байронның, В.Шекширдің, П. Неруданың, Н. Хикметтің,
А. Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, Д.Бедныйдың, В. Маяковскийдің, Р.
Ғамзатовтың, А. Сурковтың поэзиялық туындыларын, Шекспир сонеттерін қазақ тіліне
аударған. Сондай-ақ, Е. шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан Мемл. сыйл.
(1982) иегері, Еңбек Қызыл Ту (1976). "Құрмет Белгісі" және 1-ші, 2-ші дәрежелі Отан соғысы,
"Халықтар достығы" (1986) ордендері, медальдармен марапатталған.