Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет473/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   677
"ЕР ЖАСЫБАЙ" - тарихи жыр. "Е. Ж." жырын 1939 ж. Ә.Марғүлан Павлодар обл-ндағы 
Екібастұз  қ-ның  тұрғынынан  (аты-жөні  белгісіз)  жазып  алған.  Көлемі  -  850  жол.  Жыр 
Жасыбай  мен  әкесі  Тұяқтың  жоңғарларға  қарсы  ұрысын  суреттеуден  басталады.  Осы 
шайқаста  ауыр  жараланған  Тұяқ  қаза  болар  алдында  баласына  інісі  Темірді  тауып  алуды 
аманат  етеді.  Еліне  қайтқан  Жасыбай  Қарабайдың  құлы  болып  жүрген  інісі  Темірді  тауып, 
босатады.  Жыр  соңы  Жасыбайдың  қалыңдық  іздеп  жолға  шығуымен  аяқталады.  "Е.  Ж."  жыры 
қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресінің бір кезеңін суретгейді. Негізгі идеясы - туған жерді 
жат  жерлік  басқыншылардан  қорғау,  ерлік  пен  елдікті  дәріптеу.  Қазіргі  Павлодар  обл-ның 
Баянауыл ауд-да Жасыбай көлі, Жасыбай асуы деген жерлер бар. Жасыбай батыр жерленген деген 
бейіт  те  сол  асудың  үстінде.  Жыр  қолжазбасы  Орт.  ғыл.  кітапхананың  қолжазбалар  қорында 
сақтаулы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет