ЕСНАЗАРОВ Өмірзақ (1930 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд.) -ғалым. филол. ғыл. канд.
(1963), доцент (1972). ҚазҰУ-ды бітірген (1952). 1952 - 55 ж. Семей пед. ин-тының қазақ тілі
мен әдебиеті кафедрасында оқытушы. Абайдың респ. әдеби-мемориалдық мұражайының
директоры, ғыл. қызметкері, 1955 -56 ж. Оңт. Қазақстан обл., Арыс ауд. оқу бөлімінің мектеп
инспекторы. 1956 - 59 ж. Отырар ауд. Қаракөл (қазіргі М.О. Әуезов атынд.) орта мектеп
директоры болып қызмет етеді. 1959 - 62 ж. М.Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тының
аспирантурасында оқып, 1963 ж. "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихын зертгеудің
кейбір мәселелері" деген тақырыпта канд. диссертация қорғайды. 1963 - 69 ж. Әдебиет және
өнер ин-тының қазақ әдебиеті тарихы бөлімінің ғыл. қызметкері. 1969 - 72 ж. Қазақ аш. ин-ты
философия кафедрасының аға оқытушысы. 1972 - 97 ж. Қазақтың мемл. Қыздар пед. ин-тының
философия және экономика теориясы кафедрасының доценті болды. Е. "XX ғ. басындағы
қазақ ақындарының шығармалар жинағын" (1963) құрастырушылардың бірі. "XX ғ. басындағы
қазақ әдебиеті" оқулығының (1966) телавторы." Қазақ әдебиетінің тарихы" 2-томы
2-кітабының жауапты шығарушысы және Ә.Тәңірбергенов жайлы тараудың авторы.
Ә.Тәңірбергеновтың "Ұмытпаңыздар мені" өлеңдер жинағын (1969) баспаға әзірлеп, алғы сөзін
жазды. Е. қазақ, орыс, украин, өзбек, қырғыз, татар тілдерінде жарияланған екі жүзге жуық
ғыл.-зерт. және сын мақалаларының авторы.