атқарған. Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің зардабын тартып, 1929 ж.тұтқындалып, 1930 ж.
сәуірде 10 жылға Соловецк лагеріне айдалды. 1936 ж. лагерьде қайтыс болған.
ЕСТАЙ (Есмағамбет) Беркімбайұлы (1868. Павлодар обл. Екібастұз ауд. Ақкөл а. - 1946.
сонда) - әнші, ақын, композитор. Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1939). Е. анасы
Күлипа мен нағашысы Байтұлымнан көптеген жыр, дастан, толғаулар үйренген.
Жарылғапберді, Ақан сері, Балуан Шолақ, Сәтмағамбет, Үкілі Ыбырай, Шашубай сынды
әнші-ақындармен бірге үлкен жиындарда ән салып, халыққа танымал болған. "Шолпан
қайдан", "Жай қоңыр", "Назқоңыр", "Майдақоңыр", "Юран-ай", "Бір мысқал", "Ашу-пышақ",
"Дүние-ай", "Еркем", Гүлнарайым", "Қоштасу", "Ғашық", "Қаламқас", "Қара көз" әндері
сақталған. Ал классик. "Хорлан", "Құсни - Қорлан" әндері Е-дың есімін аңызға айналдырды.
Е-дың кеңестік дәуірде "Туды күнім", "Құрбылар", "Өмір", "Қоңыр жел" әндері дүниеге келді.
А.В. Затаевич Е. әндерін тұңғыш нотаға түсіруші. Е. 1939 ж. Алматыға келіп Б.Г. Ерзаковичке
әндерін нотаға түсіртеді. Сол сапарында Жамбылмен кездесіп, ақын Қ. Аманжолов әншінің өз
аузынан "Хорлан" әнін естіп, "Хорлығайын" атты драмалық поэма жазған. (1939). Е. Қазақстан
Жазушылар одағының 2-съезіне қатысқан (1939). А.Жұбанов пен Ерзакович Е-дың өмірі мен
шығарм. туралы зерттеу еңбектер жазған. Ақьш М.Әлімбаев "Естай - Хорлан" поэмасын әнші
өміріне арнады (1968).
ЕСТЕН Арасанбай (18.12.1953 ж.т., Құлжа қ.) - жазушы. 1956 ж. Қазақстанға оралған.
ҚазҰУ-ды бітірген (1980). Қапал ауд. "Қапал еңбеккері" газетінде аудармашы, әдеби
қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1985 жылдан "Жазушы"
баспасында редактор. Алғашқы повесі "Шырғалаң" 1982 ж. "Таң нұры" ұжымдық жинағына
енген. Респ. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің (1977. 1986) жүлдегері.
Достарыңызбен бөлісу: